1570

Нұр-Сұлтандағы театр фестивалі "Қыз Жібек" операсымен ашылады

"TEATR ALL Nur-Sultan Week" халықаралық фестивалі елордада 28 қазанда басталатыны белгілі. Театр апталығының салтанатты ашылу рәсімі "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрында өтеді. Ресми бөлім "Астана Опера" әртістерінің орындауындағы "Қыз Жібек" операсымен жалғасады. 

Жаңа музыкалық редакцияның авторы - қоюшы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

Дирижері - Руслан Баймурзин, ал қоюшы – режиссер - Михаил Панджавидзе. Қойылымды қоюшылар ұлттық классиканың жаңа қырын ұсынады. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында "Қыз Жібек" халықтық лиро-эпостық поэмасы көрерменнің көз алдында жандана түседі: проекцияда көрсетілген керуен қозғалысы күтпеген жерден сахнада, тірі жылқылар мен түйелердің қатысуымен жалғасады. 

"Астана Операның" фестивальде ұсынатын екінші қойылымы - "Жизель" балеті. Қоюшы-балетмейстер-Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. 

Сюжеттің негізінде Вилис туралы аңыз жатыр - бақытсыз махаббаттан қайтыс болған елес қыздар. Енді олар жас жігіттерден кек алады. Олар той көйлектерін киіп, жігіттердің соңғы демі қалғанша оларды айналдырады. Екі актідегі балет 30 және 31 қазан күндері сағат 18:00-де көрсетіледі.

"Nur-Sultan Theatre week" халықаралық фестивалінің ашылуы - еліміздің мәдени өміріндегі үлкен оқиға. Театр апталығы аясында 11 ұжым 20-дан астам қойылым көрсетеді. Бұл тамаша фестиваль "Астана Опера" театры сахнасында өтетіні біз үшін үлкен құрмет. Театрымыздың шығармашылық ұжымы аты аңызға айналған "Қыз Жібек" операсының ауқымды қойылымын ұсынады. Театр апталығының келесі күндері де мазмұнды болып, асқақ өнерді сүйетіндердің жадында ұзақ сақталатынына сенімдімін. Фестивальге жарқын сәттер, ойын - сауық спектакльдер, танымал әртістердің өнер көрсетулерін, жаңа жұлдыздардың пайда болуын және көрерменнің ыстық ықыласын тілеймін", - деді "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Естеріңізге сала кетейік, фестиваль қатысушылары мен қонақтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараларға кіру "Ashyq" қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, санитарлық нормалар қатаң сақталады.

Спектакльдер кестесі мен фестиваль туралы басқа да ақпаратты www.visitnursultan.kz. сайтынан алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109