1520

"Қазақстан" спорт сарайы жаңғыртудан кейін қандай болмақ?

Елордалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында "Қазақстан" спорт сарайының эскиздері көрсетілді, онда нысанды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жаңғырту жобасы аясында мобильді жабынның көмегімен сахнаға трансформациялау мүмкіндігі бар хоккей алаңы қарастырылған. Алаңның айналасында 6000 көрерменге арналған трибуналар жобаланған. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының есебінен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған мінбелердегі орындар саны ұлғаюда.

Хоккей алаңынан басқа, жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарын, оның ішінде балаларға арналған, аквааэробика, су добын өткізу үшін республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды, сауықтыру жүзуін өткізу үшін бассейндер жаңғыртылады. Бұл ретте трибуна 1260 адамға есептелген.

50*25 м бассейннің өткізу қабілеті- 120 адам; көлемі 12,5*6 м бассейнде -10 адам.

Сонымен қатар, бірінші және екінші қабаттардағы жаттығу залдарында, төрешілерге арналған және техникалық бөлмелерде түбегейлі өзгерістер қарастырылған. Екінші қабатта көрермендерге арналған гардеробтар мен тамақтану орындары бар залдар жоспарланған.

"Елордада спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Нұр-Сұлтан қаласының әрбір ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда – олардың 4-еуі бізде. Сондай-ақ Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион орнында жаңа спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда. Жақында заманауи теннис орталығы да салынады",-деді Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Құрылыс жұмыстарының басталуы 2022 жылдың басына, ал аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109