965

Елорда тұрғындарын «Қолжетімді спорт» жобасына қатысуға шақырады

Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» жобасы аясында барлық жастағы адамдар үшін тегін жаттығулар жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жоба қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды. 84 нұсқаушы үйрететін спорттың 11 түрі бойынша сабақтар биыл желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

«Мен фитнес нұсқаушымын. Баршаңызды қаладағы 8 орында өтетін «Қолжетімді спорт» секілді керемет жобаға қатысуға шақырамын. Өзіңізге ұнайтын кез-келген спорт түрін таңдай аласыз. Биден бастап фитнеске дейінгі түрлері бар», - дейді топтық бағдарламалардың фитнес нұсқаушысы Маргарита Герасименко.

Естеріңізге сала кетейік, жоба Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді. Бағдарламалық құжатта Президент дене шынықтыруды дамытуға ерекше назар аударып, бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Жоба туралы толық ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі @Dostupnyi_sportkz парақшасынан білуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109