991

2021 жылғы халық санағы: елорда тұрғындары арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Елордада Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері еріктілермен бірге Қазақстандағы үшінші халық санағын өткізу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жақында мамандар қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, қаланың базарлары мен сауда үйлерінде халық санағының өтуіне көмектесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елорданың 800 мыңнан астам тұрғыны халық санағынан өтіп үлгерді, олардың басым көпшілігі – онлайн режимде.

"Әкімдікпен бірлескен жұмыстың арқасында барлық LED экрандарда, автобустарда, баннерлерде, билбордтарда халық санағы жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат бар. Бүгін бізге көмектесетін белсенді жастарға, еріктілерге алғыс айтқым келеді. Олар көшелерді, ұйымдарды аралап, халықты санақтың өтіп жатқаны туралы хабардар етеді", - деді Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов.

Түсіндіру жұмыстары адамдар көп жиналатын орындарда – сауда орталықтарында, саябақтарда, скверлерде, көшелерде, жәрмеңкелерде жүргізіледі.

Айта кету керек, еріктілер азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, санақ науқанын қолдауға шақырып қана қоймай, халық санағын онлайн өткізгісі келетіндерге де көмектеседі.

Астаналық Айжан Дамеева "Астаналық" Сауда орталығында жұмыс істейді, еріктілердің көмегін пайдаланып, жұмыс орнынан кетпей, онлайн санақтан өтті.

"Статистика департаментіне онлайн санақтан өтуге көмектескендері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жастар жарайсыңдар, біздің "Астаналық" сауда орталығына барлық ұжыммен келіп, онлайн санақтан өтуге өз көмектерін ұсынды. Әр азаматты халық санағынан өтуге шақырамын және алғыс айтамын. Бұл өте маңызды", - деді ол.

"Мен және менің отбасым офлайн форматта санақтан өттік. Бәрі тез өтті, өте ыңғайлы, ешқандай қиындық болмады. Бірнеше күннен кейін маған халық санағынан сәтті өткенім туралы SMS-хабарлама келді. Менің ойымша, бұл өте маңызды, өйткені Қазақстан - жас мемлекет, халық саны өсуде. Елімізде қанша этнос өмір сүріп жатқанын білу маңызды", - деді Арыстан Барлыбай.

Сондай-ақ, қала тұрғындары халық санағын өткізудің маңыздылығын атап өтіп, отандастарын ауқымды шараны қолдауға шақырады.

"Халық санағы – өте маңызды шара деп есептеймін. Өйткені, бізге тек халық санын ғана емес, сонымен қатар барлық есептеулер жүргізілетін, бағдарламалар әзірленетін басқа да көрсеткіштерді білу маңызды", - деп пікір білдірді қала тұрғыны Бекболат Тұрғынбек.

Айта кетейік, биыл ұжымдар жұмыс орнында халық санағынан өтуге мүмкіндік алды. Ол үшін елордалық Статистика департаментіне немесе еріктілерге жүгіну қажет. Интервьюерлер көрсетілген мекенжайға еңбек ұжымдарының шақыруы бойынша шыға алады.

Айта кету керек, sanaq.gov.kz сайтындағы азаматтардың көптеген өтініштері бойынша онлайн форматта халық санағын өткізу мүмкіндігі жаңартылды.

Сондай-ақ, бүгінде елордада үй-үйді аралау жұмыстарына 1,5 мыңға жуық интервьюер-есептеуші тартылды. Түсіндіру жұмыстарына екі жүзден астам волонтер жұмылдырылды. Интервьюерлердің офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.
Бұрын онлайн-санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге алынған SMS-хабарламаны немесе санақтан өткені туралы электрондық хабарламаны көрсетуі қажет.

Үй-үйді аралау кезінде барлық қайта жазылған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды осы іс-шара аяқталғанға дейін сақтау қажет. Бұдан басқа, халықтың қамтылуын және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10% - ына бақылау тексерісі жүргізіледі.

Интервьюерлерді санақтың логотипі бар көк түсті шарфы мен сөмкесі бойынша тануға болады, бұдан басқа, әрқайсысында планшет және интервьюер куәлігі болуы тиіс. Куәлікте көрсетілген тіркеу нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтынан интервьюердің жеке басын тексеруге болады. Мұны 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да жасауға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109