912

Вакцинацияланғандар сақтық шараларын ұмытпауы керек – инфекционист

Коронавирусқа қарсы вакцина аурудан 100% қорғамайды, бірақ аурудың ауыр зардаптарының алдын алады. Инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева вакцинациядан кейін иммунитеттің қалай қалыптасатынын айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігер вакцинацияланғандардың ауырып қалуы мүмкін бе және антиденелер қалай пайда болады деген сұрақтарға жауап берді.

«Көбінесе адамдар вирусты иммунитет әлі толық қалыптаспаған кезде, яғни бірінші және екінші дозалардың арасында жұқтырады. Иммунитеттің қалыптасуы вакцинация басталғаннан бастап орта есеппен бір жарым ай ішінде жүреді. Вирусқа қарсы антиденелер деңгейінің жоғарылауы вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін үш аптадан соң аяқталады. Бірінші дозадан кейін, әсіресе бірінші аптада, адамның ағзасы вакцинацияға дейінгі кездегідей, яғни осал болады», - деп атап өтті Ләззат Ералиева.⠀
Оның айтуынша, алғашқы дозаны алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ауруды жұқтырған жағдайда вакцинаның тиімсіздігі туралы айту дұрыс емес, өйткені вакцинадан кейінгі иммундық жауап тек қалыптасудың бастапқы кезеңінде болады.

«Вакцина – бұл биологиялық препарат, сондықтан дененің жеке ерекшеліктеріне байланысты кей адамдарға ол күткендей әсер етпеуі мүмкін. Егде жастағы адамдар мен иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін ауырып қалу қаупі жоғары. Аурудың әсері болуы мүмкін, мысалы, иммун тапшылығы жағдайлары, стероидты қабылдаудың салдары және т.б. Вакцинацияның толық курсынан кейін адам індетті жұқтырған жағдайда, оның вирустық жүктемесі әлдеқайда аз – мұрын мен тамақтағы вирустар саны, сондықтан байланыста болған басқа адамдар одан инфекцияның «дозасын» әлдеқайда аз алады», - деп атап өтті дәрігер.

Сонымен бірге, инфекционист кез-келген жағдайда вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда екпе алғандарда инфекция әлдеқайда жеңіл өтетінін еске салды. ⠀

Сонымен қатар, аурудан кейін иммунитет тұрақсыз екенін ұмытпаңыз, асқынулардың пайда болуы бірден немесе біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін.

«Вакцинацияланғандар сақтық шараларын ұмытпауы керек – адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска кию. Вакциналардың тиімділігі 80 пайыздан 90 пайызға дейін. Ғалымдар мен вакцина өндірушілер мұны жақсы түсінеді және ешқандай вакцина 100% қорғаныс бермейді деп ашық айтады», - деп қорытындылады спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109