1015

Нұр-Сұлтанда театр апталығы аясында отыздан астам іс-шара өтеді

Күн сайын «ALL Nur-Sultan theatre week» халықаралық фестивалінің бағдарламасында ондаған іс-шара, оның ішінде актерлік шеберлік бойынша мастер-кластар, спектакльдер, көрмелер мен конференциялар жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоспарланған іс-шараның бәрі еліміздің театр өнерін насихаттауға бағытталған.

Театр апталығының ашылуы 28 қазанда өтеді. Бұл күні сағат 10:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында актерлік шеберлік бойынша мастер-класты педагог, режиссер Наталья Дубс өткізеді. Бұл шара фестиваль аяқталғанға дейін күн сайын өтеді.
Ал бір сағаттан кейін «Астана Опера» театрында баспасөз конференциясы өтеді, онда Қазақстан театрларын дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. Мұнда театр көрмесі де ашылады. Кешке фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, қатысушылар қызыл кілемнен өтеді. Ресми бөлім Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының көрсетілімімен жалғасады.

Сағат 19:30-да «Астана Балет» театрының сахнасында Мәскеу драма театрының шақырылған ұжымы С.Денисованың «Человек Летучая Мышь против Леонида Ильича Брежнева» триллерін көрсетеді.

29 қазан күні сағат 11:30-да «Наз» мемлекеттік би театры Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасы бойынша хореографиялық спектакльге шақырады. Сағат 14:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Ромео мен Джульетта» трагедиясы көрсетіледі. Осы уақытта елордалық қуыршақ театрының сахнасында Г.Х. Андерсеннің «Дюймовичка» ертегісі, ал «Бәйтерек» монументінде «Byterekte» заманауи өнер көрмесі ашылады.

Сағат 17:00-де Музыкалық жас көрермен театры М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын жоспарласа, сағат 19:00-де «Жастар» театрында У. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын көрсетеді. Осы уақытта Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Т. Әсемқұловтың «Құнанбай» драмасын көруге болады, ал «Современник» халықтық жастар театры «Надо больше хорошего» драмасын сағат 19:30-да ұсынады. «Астана Балет» сахнасында Малая Броннаядағы Мәскеу театрының әртістері тағы да өнер көрсетеді, сонымен қатар «Qazaqstan» орталық концерт залында «Astana Musical» мемлекеттік театрының Р.Кунидің «Номер 13» комедиясымен өнер көрсетуі күтілуде.

30 қазан күні сағат 11:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында Лейла Махаттың бейнелеу өнері галереясының көрмесі ашылады. Сағат 15:00-де «Астана» концерт залында Айгүл Иманбаеваның «А.И.» театр әртістері орындауындағы «Тұрандот» комедиясының көрсетілімі өтеді, ал екі сағаттан кейін Nomad City Hall сахнасында Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының орындауындағы «Ромео мен Джульетта» трагедиясын көруге болады.

Сағат 18:00-де Мәскеу драма театры өзінің триллерін елордалық көрерменге көрсетеді. Сағат 19:00-де бірден үш спектакль өтеді: М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры В.Шукшиннің «Светлые думы» әңгімесі негізінде сахналық фантазияны, Музыкалық жас көрермен театры Н. Мошиннің «Дүние-ғапыл» метафизикалық драмасын, ал Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясын көруге шақырады.
Фестивальдің төртінші күні, яғни 31 қазанда 8 спектакль жоспарланған.

Сағат 11:30-да елордалық қуыршақ театрында «Ер Төстік» қазақ халық эпосының желісі бойынша қойылымды көруге болады. Дәл осы уақытта М. Горький атындағы театрда «Гоголь.Петербург» қойылымы өтеді. Ал сағат 17:00-де үш қойылым жоспарланған: Ә.Мәмбетова атындағы драма және комедия театрында «Сені сағындым...», «Наз» би театрының «Тұйғындар» хореографиялық тарихи би спектаклі, Музыкалық жас көрермен театры «Мальчики» драмасы.

Сол күні бір сағаттан кейін «Астана Опера» МОБТ-да «Жизель» балеті көрсетіледі, ал «Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» би-перформансын ұсынады. Сағат 19:00-де «Жастар» театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» қойылымы өтеді.
1 қараша күні сағат 11:00-де фестиваль қатысушылары «Астана Опера» театрының ғимаратында «Қазақстанның заманауи театр процесі: мәселелері мен шешу жолдары» ғылыми-тәжірибелік конференциясына жиналады. Сонымен қатар, Бейбітшілік және келісім сарайында шеберлік сабақтарына қатысушыларға сертификаттар табысталып, жұмыстары көрсетіледі.

Сағат 15:00-де инклюзивті «Жастар» театры «Қанаттылар» музыкалық-поэтикалық қойылымына шақырады.

Фестивальдің салтанатты жабылуы, сондай-ақ «ALL театр» І театр сыйлығының табысталуы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының залында сағат 19:00-де өтеді.

Театр апталығының ресми жабылуына қарамастан, Ресейден келген С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театрының гастролі жалғасады. 2 қараша күні сағат 12:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының сахнасында «Снеговик» ертегісін қояды. Ал сағат 19:00-де Nomad City Hall-да «Турандот» қойылымын ұсынады. 3 қараша күні сағат 19:00-де әртістер көрермендерді «Необыкновенный концерт» қойылымына шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109