1213

Ататүрік атындағы елордалық саябақта скейт-парк ашылды

Райдерлердің тағы бір алаңының ашылуы экстремалды спорт әуесқойларын қуантты. Скейт-парк Ататүрік атындағы саябақта ашылды, ол жерде қазір қайта құру жүріп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

200 шаршы метрге жуық жаңа скейт-паркінде скейтборд, скутер және BMX-велосипедтерінде экстремалды трюктерді қолдануға болады. Алаң кәсіби және жаңадан бастап жатқан райдерлерге маневрлер жасау үшін арнайы фигуралармен жабдықталған.
Естеріңізге сала кетейік, осындай алаң жақында Есіл өзенінің жағалауындағы «Атырау» көпірінің астында ашылды. Елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарын іске асыру аясында барлық ауданда бұқаралық спортты дамыту мен танымал ету үшін арнайы алаңдар ашылып жатыр. Осылайша, Триатлон паркі мен Президент саябағын жалғайтын, қараусыз қалған «Арқар» көпір кеңістігі қазір жастар үшін тартымды орынға айналды. Онда баскетбол алаңдары, көше тағамдары, қоғамдық өнер көрсету орындары ашылды. Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпірасты кеңістігі де осындай тартымды орталыққа айналды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бұқаралық спортты насихаттау туралы тапсырмасы аясында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда 76 гектардан астам жер абаттандырылды, ол 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарына сәйкес 2021 жылы жалпы алғанда 190 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109