1036

Ақмола облысының тауар өндірушілері Нұр-Сұлтандағы қорытынды жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады

30-31 қазанда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, сондай-ақ елорда кәсіпкерлерінің қатысуымен осы маусымдағы қорытынды өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық жәрмеңкеде өңірдің 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 350 млн теңге сомасына 460 тоннадан астам өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары ақмолалық өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады.
Облыс аграршылары 123 тонна ет және шұжық өнімдерін, 50 тонна сүт және сүт өнімдерін, 8 тонна балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тонна көкөніс, 3 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін және 3 тонна басқа бакалея өнімдерін әкеледі.

Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінен басқа жеміс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттері, ағаш бұйымдары сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен болады. Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109