888

Қуыршақ театры «Жаңғырық туралы ертегі» қойылымын қойды

Қуыршақ театрының кішкентай көрермендері «Жаңғырық туралы ертегі» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Демалыс күндері ұлдарымды Қуыршақ театрына алып келемін. Бұл орын балаларыма қатты ұнайды. Қойылым алдында театр ұжымы балалардың көңілін көтеру үшін түрлі ойындар, шаралар ұйымдастырады. Осы жағы балаларымды қатты қызықтырады. Ары қарай қойылымдарды тамашалаймыз. Әр жексенбі осында келуді әдетке айналдырдық», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлзат Омарбекова.

Ол сөзін жалғай отырып, қойылымдар тәрбиелік жағына да, балалардың эстетикалық дамуына да үлкен септігін тигізетінін айрықша атап өтті.

«Көрермен қауым толастамай келіп жатыр. Әр келген бала, оның ата-анасы алғысын айтып, ықыласын, ризашылықтарын білдіріп жатады. Біз оған өте қуаныштымыз. Ең жақсы көрермен – Қуыршақ театрының көрермені», - дейді Қуыршақ театрының актрисасы Айжан Садықова.

Айта кетейік, Қуыршақ театрында өтетін әрбір қойылым, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109