924

Елордада азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы көрсетілді

№7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов елордалық азаматтық қорғау қызметі бөлімшелерінің қысқы кезеңге және алдағы «Қыс-2021» оқу-жаттығуларына дайындығымен танысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Біздің азаматтық қорғау қызметтеріміз – Төтенше жағдайлар департаменті Ұлттық ұланмен және полиция департаментімен бірлесіп, техникаларды, ауа-райының күрт өзгеруі кезінде қызмет ететін бөлімшелердің дайындығын көрсетті. Техника жоғары деңгейде дайындалған. Төтенше жағдайлар кезінде жұмылдыру, барлық қызметтерді үйлестіру қамтамасыз етілді. Жыл сайын осындай жұмыстар жүргіземіз. Күрделі климаттық кезеңдер болды, әсіресе 2019 және 2020 жылдары, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде. Барлық қызметтің жұмысын үйлестіру жоспарланған. Бүгінге дейін жіберілген қателіктермен жұмыс жүргізілді. Биылғы қыста да қызметтеріміз нақты жұмыс істейтін болады деп ойлаймын», - деді Ермек Қизатов.

ТЖ жою басқармасының бастығы Эльдор Райымбековтің айтуынша, 28 бірлік техника мен 266 адам 100 км радиустағы бағыттар бойынша жүргізілетін іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысады.

«Сондай-ақ, бізде Апаттар медицинасы орталығы бар, ол жол-көлік оқиғалары кезінде қарлы учаскелерде қалған елді мекендерге медициналық көмек көрсетеді. ЖКО кезінде құтқару құралдары бар авариялық-құтқару техникасы жұмылдырылады. Жыл сайын дайындық жүргізіледі. 2019-2020 жылдары қар басқан учаскелер көп болды. Біз қар құрсауынан 2 мыңға жуық адамды эвакуацияладық. Сондай-ақ, медициналық көмекке мұқтаж 6 жүкті әйел елді мекендерден қалаға жеткізілді», - деді Эльдор Райымбеков.

ТЖД тұрғындарға 90% және одан да көп ықтималдығы бар дауылды ескертулер кезінде шықпау керектігін айрықша атап өтті.

«Тұрғындар мен жүргізушілердің назарын мынаған аударғым келеді – 90% ықтималдығы бар дауылды ескерту туралы SMS-хабарламалар келіп түскен кезде қаладан тыс жерлерге шықпау керек. Төтенше жағдайларда өзіңіздің туыстарыңызды хабардар етіп, қосымша 112 нөміріне қоңырау шалып, жолдағы жағдай туралы білуіңіз керек. Соның ішінде «Қазавтожол» сайтында жабық трассалар туралы ақпарат болады», - деп түйіндеді басқарма басшысы.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109