961

Нұр-Сұлтан әкімі азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов кезекті онлайн-қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының 20-дан астам мәселесін қарады. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды апта сайын қабылдау қала тұрғындарының мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Бүгін онлайн-қабылдауда тағы 8 отбасын қабылдадым. Бұл дегеніміз 20-дан астам сұрақ қаралды деген сөз.

Тұрғын үйге, жұмысқа орналасуға, білім беруге қатысты негізгі мәселелерден басқа, жылумен жабдықтау желілері бойынша да сұрақтар бар. Бұрын айтқанымдай, қалада иесіз, қараусыз қалған желілер бар. Олардың жұмысындағы үзілістер қала өміріне, өмір сүрудің жайлылығына тікелей әсер етеді. Иесіз желілерді анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарғаннан кейін, біз қала балансына 450 трансформаторлық қосалқы станцияны, 1 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді алдық. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 15 мың 300 км инженерлік желілер цифрландырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Азаматтарды қабылдау кезінде келіп түсетін сұрақтарды біз қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Соңғы тармақ бойынша оларды қаланың жалпы даму жоспарына енгіземіз», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109