1300

Нұр-Сұлтанда «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жазушылар аллеясына көшеттер отырғызылды

Экологиялық акцияға елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сол сияқты белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар қатысты. Бас-аяғы 48 емен, шаған және қарағай ағашы отырғызылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл жазушылардың бас қосатын жері, ой бөлісетін, пікір алмасатын жері. Осы жерде жас ақындар өлеңін оқып жатты. Кітаптарының тұсауын кесіп жатты. Бұл маң ағашпен көмкеріліп тұрса, қандай әдемі! Сондықтан біз қаламменен қала көркін әрқашан айшықтап отыруымыз керек. Бүгінгі еккен тал, ертең үлкен бәйтерек болып, соның көлеңкесінде ертең бізден кейінгі жас қаламгерлер, жас ұрпақ отырса екен», - деп көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы өз тілегін білдірді.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданында биыл 15 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, игі іс келесі жылы да жалғасады. Акция аясында 2022 жылы 20 мыңға жуық көшет отырғызылады деп жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109