1054

Нұр-Сұлтанда полиция департаментінің бөлімшесіне арнап ғимарат салынып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордалық полиция департаментінің бөлімшесіне арналған ғимарат құрылысы қайта басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Тәртіп сақшыларына қолайлы еңбек жағдайын жасау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің (Сарыарқа ауданы) бөлімшесіне арнап жаңа ғимараттың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Құрылыстың өзі 5 жыл бұрын басталған, бірақ сот процестеріне байланысты проблемалы нысан ретінде танылды.

Маңызды нысанның құрылысын қайта бастау үшін бірқатар проблеманы шештік, оның ішінде құрылыс конструкцияларына техникалық тексеру жүргіздік: апатты тұстарын демонтаждадық, плиталарын күшейттік және т.б. Нысанды бірнеше айдан кейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, жаңа ғимаратта 500 полиция қызметкері жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, төрт елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Онда қала тұрғындарының өтініші бойынша учаскелік полиция пунктері қарастырылған. Мәселен, Көктал елді мекенінде қазірдің өзінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, елорданың түрлі аудандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сол сияқты азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін полицияның модульдік бекеттерін ашамыз, олардың санын бірінші кезеңде 10-ға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар, 7 учаскелік полиция пункті жаңғыртылды. Бұл шараның бәрі бізге қаланы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытуға мүмкіндік береді, оның барысында әлеуметтік нысандар (мектептер, қолжетімді тұрғын үй, медициналық орталықтар, полицияның тірек пунктері және т.б.) қадамдық күйде қолжетімді болады», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109