1210

«Қосып қой да пайдалана бер»: Оңтүстік-Шығыс тұрғындары газға қосылудың артықшылығын айтты

Елорданың ең үлкен елді мекендерінің бірі – Оңтүстік-Шығыс тұрғын үйлері газға белсенді қосылуда. Газдандырудың артықшылықтарын байқаған тұрғындар тұрмысы қалай өзгергені туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кету керек, Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің жеке секторы елордадағы көк түтіннің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Оны газдандыру аудандағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартпақ.

Оңтүстік-Шығыс тұрғыны Елена Пичкарьева бірінші кезекте қала тұрғындары үшін жайлылықты қамтамасыз ететін елорданы газдандырудың артықшылығы мен маңыздылығын атап өтті.

«Енді үйімізде газ бар. Бұл мен үшін өте қуанышты жаңалық. Бұрын қолданған баллондар ыңғайсыз еді емес. Үнемі үйде болуымыз тиіс, баллондарға тапсырыс беру керек, оны күту қажет. Ал қазір газ үйімізге орнатылды: кранын бұрап, қосып, қолдана беріңіз. Үйде балалар болғандықтан, мен үшін газдандыру бірінші кезекте қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Енді тамақ пісіру үшін ғана емес үйді жылыту үшін де газ қолданамыз», - деп қуанышымен бөлісті Елена Пичкарьева.

Тұрғындар тарапынан газға қосылуға өтініштер саны толассыз түсіп жатыр.

«Бүл күнге де жеттік, енді бізде газ бар. Бұрынғыдай баллондар сатып алмайтын болдық, үйіміз тікелей газға қосылған, бұл қауіпсіз. Пеш жағып жүрген кездері күлді де, көмірқышқыл газымен дем алатынбыз. Күніне бірнеше рет от жағу керек еді. Әрине, бұл үлкен жұмыс, от жағу үшін көмірден бөлек отын жинаймыз. Ал біз үшін денсаулық өте маңызды. Өз игілігіміз бен денсаулығымыз үшін газға қосылуға ниет білдірдік», - деді Оңтүстік-Шығыс тұрғыны Айтжан Естаева.

Осылайша, бүгінде мына аудандарда газ беру қамтамасыз етілді: Промышленный елді мекені (Қошқарбаев даңғылының оңтүстігіндегі көшелер толығымен); Момышұлы даңғылы – Абылай хан даңғылы – Қошқарбаев даңғылы – Қордай көшесі; Құдайбердіұлы даңғылы – Бурабай – Абылай хан даңғылы – Мұстафин көшесі; Қобыланды батыр көшесі – Лепсі көшесі – Құдайбердіұлы даңғылы – Бурабай көшесі.

Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйді газға қосуға өтінім беру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпарат алу үшін +7(7172)55-89-75, ішкі нөмірі: 1530, 1527, 1534.

Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің қалған бөлігі бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, газды іске қосу кезең-кезеңімен бір ай ішінде орындалатын болады. Қазақауыл (Қараөткел) шағын ауданы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. Газға Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Агроқалашық бөлігі және Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тұрғындары қосылды.

Осы күзде Промышленный, Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс (қосылмаған бөліктер) тұрғындары газға қосыла алады. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.

Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109