1101

Елордалық дерматологтар №3 көпсалалы ауруханада ашық есік күнін өткізеді

№3 көпсалалы қалалық аурухананың дерматовенерологиялық блогы 29 қазанда дәстүрлі түрде атап өтілетін Дүниежүзілік псориаз күніне арналған Ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Ашық есік күнін 29 қазанда сағат 8-ден 15-ке дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 50/2 мекенжайы бойынша өткізу жоспарлануда. Бұл күні №3 көпсалалы қалалық аурухананың дерматологтары псориазбен ауыратын науқастарды терапевтердің жолдамасынсыз қабылдайды – астаналық емханаларға тіркелген тұрғындар да, тіркелмеген тұрғындарды да.

"Псориаз - бұл ерлер де, әйелдер де зардап шегуі мүмкін жұқпалы емес тері ауруы. Ауру жас талғамайды. Біресе күшейіп, біресе бәсеңдеуі мүмкін. Қабыну процесі басталған кезде денеде қызғылт түсті бөртпелер пайда болады. Олар қышып, қанауы мүмкін. Адам физикалық және моральдық қолайсыздықты сезінеді. Өкінішке орай, псориазды толығымен емдеу мүмкін емес. Алайда уақытында көрсетілген және дұрыс таңдалған ем ремиссияға қол жеткізе отырып, псориазды бақылауға мүмкіндік береді", - деді №3 КҚА диспансерлік бөлімінің меңгерушісі Елена Сушкова.

Ғалымдарда әлі күнге дейін псориаздың себептері туралы нақты жауап жоқ. Көбі мұны генетикалық бейімділіктен болады дейді. Бірақ басқа факторлардың әсері де жоққа шығарылмайды, мысалы, вирустық.

Өзіңізді псориаздан қорғау үшін күнге көп күюге болмайды. Дәрігерлер сонымен қатар гормоналды бұзылулар, темекі шегу, алкогольді жиі пайдалану, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары мен бауыр аурулары осы ауруға әкелуі мүмкін деп санайды. Сонымен қатар, псориаз ұзақ стресс пен уайым тудыруы мүмкін. Алайда, бұл жұқпалы емес және адамнан адамға берілмейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109