1433

Sine Tempore ғимараты алдындағы қалалық алаңды абаттандыру бойынша қандай жұмыстар жүріп жатыр

Sine Tempore ғимараты алдындағы алаңда мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін кедергісіз орта құра отырып, төселген тас салынуда. Субұрқақ кешені салынды, оның техникалық бөлмесі де дайын, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Ерекше субұрқақтар жұрттың сүйікті орнына айналмақ.

«Негізгі элемент туннельді арка фонтаны болады, онда адамдар су ағынынан өте алады. Сондай-ақ, шар түріндегі нысан да ашылады, оның ішінде судан тұман бұлтының әсерін тудыратын саптамалар орналасады. Жазда шар айналасында құрғақ субұрқақтар ойнақшып тұрмақ», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Алаңның орталық бөлігінде іс-шаралар мен концерттер өткізуге арналған амфитеатр орнатылады. Сондай-ақ, көгалдандыру қарастырылған: емен, көпжылдық өсімдіктер отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру ауданы 1241 шаршы метрді құрайды. Алаңның орталық бөлігінде үлкен шырша отырғызылады. Жақында ағаш шамдар, әткеншектер, шағын сәулет формалары орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүріп жатыр.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда 76 гектардан астам жер абаттандырылды, ол – 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер - жоспарына сәйкес 2021 жылы жалпы алғанда 190 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

Фото: Alisher Gumar

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109