1092

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының 80 пайызы халық санағынан өтті

Елорда тұрғындарының 80 пайызы жалпыұлттық халық санағынан өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Нұр-Сұлтан қаласында халық санағының өту барысы туралы» баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Еліміздің барлық аймағында, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жалпыұлттық халық санағы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елімізде халық санағынан 14 млн-нан аса адам өтті. Нұр-Сұлтанда да ұлттық санақ қарқынды келеді. Олардың басым бөлігі онлайн форматта өтіп жатыр. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы өтті. Елордалықтардың белсенділігіне алғыс білдіреміз. Халық санағы апта соңына дейін, яғни 30 қазанға дейін жалғасады. Статистика департаменті арнайы ұйымдастырған интервьюерлермен, сол сияқты қала әкімдігі қосымша бөлген волонтерлермен бірлесіп өткізіліп келеді», - дейді қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Әкім орынбасары сөзін жалғай отырып, елорда тұрғындарын халық санағынан өтуге шақырды.

«Жалпы мәлімет жинау үшін, сол сияқты еліміздің экономикалық даму стратегиясын анықтау үшін халық санағының рөлі зор. Бұл – әркімнің азаматтық борышы. Санақ онлайн немесе офлайн форматта өтеді. Онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтынан өте аласыз. Ал офлайн форматта өту үшін арнайы келген интервьюерлерге есік ашып, сұрақтарына жауап беруіңіз керек», - деп сөзін аяқтады Малик Бектұрова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109