1092

Елордада интервьюерлер санақ жүргізу үшін еңбек ұжымдарын аралай алады

Елордада халық санағын онлайн және дәстүрлі офлайн форматта өткізу жалғасуда. Сондай-ақ, қала тұрғындары жұмыс процесін үзбей сауалнама жүргізу үшін интервьюерлерді жұмысқа шақыруға мүмкіндігі бар. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, санақ науқаны 1 қыркүйекте sanaq.gov.kz сайтында онлайн форматта басталды. Сұхбат берушілердің үйді аралауы 1 қазанда басталып, 30 қазанда аяқталады.

«Біздің еріктілерге, белсенді жастарға және әкімдікке ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі таңда біз санақты тиісті және сапалы деңгейде өткіземіз деп сеніммен айта аламыз. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін интервьюерлер еңбек ұжымдарына барып, жұмыс орындарында сауалнама жүргізе алады», - деді Жорабек Дәуренов.

Ол сондай-ақ, қала тұрғындары санақ жүргізу үшін Желтоқсан көшесі, 22 мекенжайында орналасқан қалалық Статистика департаментіне, сондай-ақ аудандық әкімдіктерге жүгіне алатынын айтты. Қосымша ақпаратты 1446, 328761 телефондары арқылы алуға болады.

«Халық санағынан өту — әркімнің азаматтық борышы. Қоғамдық өмірге, әсіресе халық санағы сияқты ауқымды мемлекеттік іс-шараға қатысу маңызды. Себебі санақтан бір адам өтпей қалса немесе белгілі бір сұрақтарға жауап бермесе, халықтың өсуін, көші-қонды, тұрғын үй, мектеп және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым салу қажеттілігін одан әрі болжау мүмкіндігін жіберіп аламыз», - деп атап өтті Статистика департаментінің басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109