1395

Елордада медициналық мекемелердің Pfizer вакцинациясын жүргізуге дайындығы тексерілді

Қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, жүкті әйелдер мен жасөспірімдерді вакцинациялауға егу пунктерінің жан-жақты дайындығын қадағалады. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ДСЭК өкілдері медициналық ұйымдар жанындағы вакцинация пунктеріне барып, термоконтейнерлердің бар екеніне көз жеткізді, медицина қызметкерлерін инъекция жүргізу ережелерінің сақталуына тексерді. 

Олар сонымен қатар вакцинацияның таралу аймақтарын тексерді.

Ересектер мен жүкті әйелдердің ағынын шектеу мақсатында басқарма жүкті әйелдерге вакцинация кестесін құруды, яғни осы санаттағы адамдарды вакцинацияға жеке-жеке шақыруды жоспарлап отыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялауды қатаң медициналық ұйымдарда, яғни БМСК ұйымдары жанындағы вакцинация пунктерінде ғана жүргізу жоспарланғанын атап өтті.

"Жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялау үшін қауіпсіз және қолайлы орта құру маңызды. Жүктілік денсаулық жағдайына жатады, онда COVID-19-дың ауыр түрі пайда болу қаупі жоғарылайды және вакцинация ұсынылады, ал емізетін аналар вакцинациядан кейін де балаларын тамақтандыруды жалғастыра алады. Бәрі ойдағыдай өтуі үшін вакцинацияның барлық пунктері екпе жүргізу басталмас бұрын тексеріледі", - дейді басқарманың Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109