1082

Елордада темекі өнімдерін ашық жарнамалауға тыйым салу қалай орындалатыны талқыланды

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар сауда желілерінде темекіні ашық орналастыру мен көрсетуді болдырмауға байланысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Талқылауға қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов, «Nur Otan» партиясының «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Жәмила Садықова, елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина қатысты.

Кездесудің мақсаты темекі шегушілер мен оны тастауға тырысып жүргендер арасында темекі өнімдерін сатып алуды азайту үшін темекі өнімдерін сауда желілерінде ашық орналастыруға және көрсетуге тыйым салуға байланысты ұсыныстар мен шешімдерді талқылау болды.

Айта кету керек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексімен келесі талаптар қарастырылған:

- темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды ашық көрсете отырып сатуға тыйым салынады;
- сатылатын темекі өнімдерінің тізбесі бағаны көрсете отырып, қара-ақ мәтін түрінде суреттерсіз орналасуы тиіс, (әріптер міндетті түрде ақ түсте қара түсті болуы қажет. Тізім әліпбилік тәртіппен жасалады);
- темекі өнімдерін сатып алушыға тізіммен танысқаннан кейін ғана оның талабы бойынша көрсете алады.

Бүгінгі таңда темекі өнімдерін өндірушілер мен олардың ірі жеткізушілері барлық қызмет көрсетілетін сату нүктелерін арнайы жабдықтармен - темекі өнімдерін жабуға арналған жабық қораптармен жабдықтады.

Темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату кезінде тауар бағасы көрсетілуі қажет, сол сияқты сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушыға жеткізілуі тиіс. Ал өнімді көрсету сатып алушылардың талабы бойынша жүзеге асырылады.
Талқылауға қатысушылар заңнамалық деңгейде қабылданған шаралар халық арасында импульсті сатып алудың айтарлықтай қысқаруына, балалар мен жасөспірімдердің темекіге деген қызығушылығының төмендеуіне әкелетінін еске салды. Темекі өнімдерінің танымалдылығы азаяды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109