1414

Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған мектеп қайта жанданды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы тоқтап тұрған мектептің жұмысы қайта басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда аудандарын әлеуметтік нысандармен біркелкі қамтамасыз ету үшін учаскелерді алдын ала резервке қоямыз: жобалау-сметалық құжаттаманы дайындаймыз, құрылыстың барысы мен сапасын бақылаймыз. Аралау кезінде бірқатар қажетті шара қабылданған проблемалық нысандардың құрылысымен таныстық.

Мысалы, Есіл ауданында (Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысы) орналасқан мектепке бардым. Оқу орнының құрылысы үш жыл бұрын басталған. Бірақ жосықсыз құрылысшы өз міндеттерін орындаған жоқ. Онымен жасалған келісімшартты бұздық, бұл бізге мектеп құрылысын жандандыруға мүмкіндік берді. Осы мектепті келесі жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл мектеп екі ауысымда 2400 оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас мәселе Сарыарқа ауданында (Оқжетпес-Бөкеев көшесінің қиылысы) орналасқан тағы бір мектепте де болды. Бұл мектептің құрылысы 5 жыл бұрын басталған. Құрылыс барысы қайта қолға алынды.

Сондай-ақ, №59 мектеп-лицейінің жүктемесін ескере отырып, қосымша жаңа корпус саламыз, бұл осы мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, алдағы оқу жылы басталар алдында оқу орындарын ашу үшін қазірден дайындық жүріп жатыр. 2022 жылы тағы да 15 мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Кешенді жоспар аясында бес жыл ішінде 70-ке жуық мектеп салу жоспарланып отыр. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз.

Оқу орындарының құрылысымен қатар, қолданыстағы оқу орындарына назар аударамыз – 25-тен астам білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделді, сонымен қатар оқу орындарының материалдық-техникалық жабдықталуына, әсіресе инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауға ерекше назар аударамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109