1109

Нұр-Сұлтанда тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту көлемі артып келеді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 9 айдың қорытындысына сәйкес МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 973 316 адамға дейін артты. Бұл туралы «МӘМС: 2021 жылдың 9 айындағы іске асыру барысы және емханаларға тіркелу науқаны туралы» онлайн-брифингте белгілі болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

244 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қамтылмаған. Олардың 49,7 мыңы аударымдардың тұрақсыздығына байланысты жүйеден тыс қалды.

«МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметтерге сенім арта алады, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету, жедел жәрдем бригадасының келуі, учаскелік дәрігердің қабылдауы және т.б.», - деп атап өтті астаналық филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

«Сақтандырылған» мәртебесін қайтару үшін қайта тексеріп, жоқ төлемдерді төлеуіңіз керек. Көбінесе жұмыс берушілер немесе азаматтың өзі тиісті жарналарды төлемейді, мұндай жағдайда МӘМС бойынша медициналық қызметтер алу мүмкін болмайды. Сақтандырылу мәртебесі үшін медициналық көмекке жүгінген сәтте соңғы 12 ай ішінде жарналар үздіксіз төленген болуы қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде МӘМС жарналары мен аударымдары түріндегі түсімдер шамамен 88,7 млрд теңгені құрайды.

2021 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 30,5 млрд теңгеден астам қаржы аударылды, оның 14,5 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің аударымы, 13,4 млрд теңгесі – жұмыскерлер, ал 1,339 млрд теңгесі – жеке кәсіпкерлерден, БЖТ – 80 млн, дербес төлеушілер – 337 млн теңге және АШК – 693 млн теңге.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109