1274

Елорда емханаларында ашық есік күні өтті

29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Осы күнге орай елордалық емханалар бейінді мамандарды тарта отырып, өздеріне бекітілген халыққа ашық есік күнін өткізді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Келушілер қан қысымын өлшеп, холестерин мен қандағы қант деңгейін тексеріп, дене салмағының индексін (BMI) өлшеді. Сондай-ақ, "Инсульттің алдын алу" тақырыбында дәріс өтті.

Инсульттің пайда болуы мидағы қан айналымының бұзылуымен байланысты, бұл өз кезегінде қан ұйыуын немесе қан тамырларының жарылуын тудырады. Инсульт кезінде көптеген науқастарда дененің ішінара немесе толық сал ауруы пайда болады, сөйлеу бұзылады, олар зәр шығару мен дефекацияны бақылауды тоқтатады.

"Инсульттің типтік белгілері - бұл аяқ - қолдардағы кенеттен әлсіздік, көбінесе дененің бір жағында болады.

Бетің ұйып қалуы мүмкін, сөзді қабылдау қиындайды, пациенттің сөйлеуі түсініксіз болуы мүмкін", - деп атап өтті №15 қалалық емхананың дәрігері Гюзель Егінбай.

№ 6 қалалық емхананың кардиологы Жанар Алтынбекованың айтуынша, адамның денсаулығы мен өмірі инсульт белгілерін уақтылы тануға байланысты болады.

"Назар аудару керек белгілер: ерекше қатты бас ауруы (әдетте стрестен немесе физикалық стрестен кейін), ұйқышылдық, әлсіздік немесе қолдың иммобилизациясы, көру қабілетінің бұзылуы немесе жоғалуы, көру фокусының қиындауы, тепе - теңдіктің және қозғалыстың бұзылуы, бас айналу, тіпті пациент құлап қалуы да әбден мүмкін", - дейді кардиолог.

Дәрігерлердің айтуынша, қарапайым тест бар. Адамнан күлуін сұрау қажет. Егер бұл инсульт болса, адамның күлкісі жасанды көрінеді және бір жағымен ғана күледі.

"Екінші жаттығу: адамнан көздерін жұмып, қолдарын көтеріп 10 секунд бойы солай тұруын сұраңыз. Инсульт кезінде бұлшықеттер әлсірейді, сондықтан адам оларды тіпті 10 секундқа көтере алмайды. Сонымен қатар, инсультпен ауыратын науқас бір қолын көтермеуі мүмкін - бұл аурудың нақты белгісі. Адамнан өз атын айтуды сұраңыз. Егер бұл инсульт болса, онда науқас бұл тапсырманы орындай алмауы мүмкін, өйткені бұл ауруда сөйлеу қабілеті бұзылады", - дейді дәрігер Гюзель Егінбай.

Мұндай жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109