1327

Елорда әкімі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқан өңірлерге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында өңірлерден келген аграрлық қызметкерлер елордалық жәрмеңкелерге 5 мың тоннаға жуық өнім әкелгенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысының өнімдері ұсынылды. Елордада жәрмеңкелер 21 тамызда басталды. Осы уақыт ішінде еліміздің барлық облысынан келген тауар өндірушілер қатысты.

Жалпы алғанда, тауар өндірушілер мен көтерме саудагерлер елордаға 5 мың тоннаға жуық өнім әкелді. Мұндай жәрмеңкелер өнімді нарықтан төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді. Ұсынылған тауарлардың бәрі сертификатталған және ветеринарлық бақылаудан өткен. Эпиджағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар ескеріліп, сақталды. 

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысқан өңірлердің тауар өндірушілеріне және әріптестеріме алғыс айтамын! Мұндай жәрмеңкелерді, оның ішінде өз тауар өндірушілеріміздің қатысуымен өткізуді жалғастырамыз. 

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру үшін бірқатар шаралар қабылданды: «айналым тетігі» жобасын жалғастырамыз, ол бойынша қатысушылардың санын ұлғайттық, сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға бөлінетін соманы ұлғайттық. Сондай-ақ ет, көкөніс, сүт өнімдеріне; ірі нан пісіру кәсіпорындарымен бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасастық.

Жеке инвестициялар есебінен қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықты жергілікті тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар объектілердің құрылысы жүргізілуде: 3 көтерме-тарату орталығы, 2 жылыжай кешені, нан-тоқаш комбинаты. Сонымен қатар, инвестициялық кеңесте өндірістік-азық-түлік кешенінің құрылысын қолдадық, бұл нан-тоқаш комбинаты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы», деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109