1224

«Мұқтаж жандарға көмектесу өмірімнің бір бөлшегіне айналып кеткен» – әлеуметтік қызметкер

Нұр-Сұлтан қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 5 мекеме мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Бұл мекемелерде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесетін 200-ге жуық әлеуметтік қызметкер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор», «Нұрлы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» және «Үміт» дағдарыс орталығының» мамандары күн сайын қиын жағдайға ұшыраған жандарға демеу болып, өмірін жеңілдетуге асығады.

Соның бірі «Шарапат» орталығының маманы – Марал Өмірзакова. Ол бұл орталықта 2010 жылдан бері жұмыс істейді. 2018 жылдан бері «В» блогында, яғни мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектеседі. Қазір оның қамқорлығында 60 адам бар. Алғыс ретінде ата-әжелеріміздің батасын алу – мен үшін ең жоғары марапат, дейді әлеуметтік қызметкер.

«Әрбір қызмет алушының өз тағдыры, тарихы бар. Олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Егер біреуіне қаталдау болу керек болса, екіншісін мақтау керек. Бұл адамдардың бәрі мен үшін туғанымдай болып кетті, жұмысқа келгенде олардың қиындықтарын шешуге тырысамын: біреуіне дәрі әкелу керек, біреуін тифлоқұралдармен қамтамасыз ету, енді біреуімен медициналық қызмет алу үшін бірге жүру немесе спорттық, еңбек, мәдени қызметтерге тарту қажет. Біз оларға өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік бергіміз келеді және бұл үй оларға өз үйіндей болуы үшін бәрін жасаймыз. Блоктағы эмоционалдық және психологиялық көңіл-күй бізге, қызмет алушылармен жұмыс істейтін адамдарға байланысты. Менімен бірге өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын жанашыр және мейірімді жандар жұмыс істейді», - дейді Марал Өмірзақова.

Сауле Қайырова да «Шарапат» орталығында 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінде оның қарамағында 50 адам бар. Он жылдан астам уақыт мұқтаж жандарға қолғабыс етіп келген ол алдағы уақытта басқа салаға кету туралы ойламағанын айтты. Қарияларға көмектесу – өмірімнің бір бөлшегіне айналып кеткен дейді.

«Оларға барлық жағдай жасауға тырысамыз, қажеттіліктеріне қарай дәріханаға, ауруханаға апарамыз. Зейнетақыларын алуға көмектесеміз. Апта сайын театр, экскурссия, концерттерге шығамыз. Әр адамның тағдыры ерекше, ең бастысы олардың мұңын тыңдап, түсінуге, қолдауға тырысамыз. Қиын жағдайға түскен жандарды мемлекеттік қамқорлыққа алғаннан кейін қоғамдық іс шараларға тартамыз: кітапхана, сенсорлық бөлме, еңбек терапиясы, физиокабинетке бару және т.б. шараларға тартамыз.

Елордада Марал мен Сәуле секілді 198 әлеуметтік қызметкер бар. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 5 мекеменің бірі - «Қамқор». Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жоғары білімді 6 әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман еңбек етеді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына көмектесіп қана қоймай, құқықтық маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетеді. Яғни, қажеттілігіне қарай гигиеналық құралдар, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен мүгедектер кресло-арбаларын алу үшін құжаттар ресімдейді, құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз етеді, қамқорлық, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер және т.б. мәселелері бойынша заңгерлік кеңес береді.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да өзінен гөрі өзгенің қамын жейтін 7 маман жұмыс істейді. Жоғары білімді мамандар тоқсан сайын өз кәсіби біліктерін арнайы оқу орындарында жоғарылатып отырады. Ал «Шарапат» орталығында 175 әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман бар.

Әлеуметтік қызметкерлерге жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Барлық маман өз саласы бойынша жұмыс істеп жүр, олардың жалақысы осы жылдың қаңтар айында 40%-ға көтерілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде: 4 қызметкер – күндізгі, 2 қызметкер – түнгі бөлімшеде қызмет етеді.

«Үміт» дағдарыс орталығы» КММ әлеуметтік жұмыс бойынша 4 маман жұмыс істейді. Жыл басында әлеуметтік қызметкерлердің орташа жалақысы 35 пайызға өсті. Тоқсан сайын сыйақылар беріледі.

Айта кетейік, жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Әлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер – белгілі бір көмекке мұқтаж жандарға жәрдемші ғана емес, әлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы деуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109