1404

«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз құрметке лайық» – Алтай Көлгінов әлеуметтік қызметкерлерді құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Олар ерекше қажеттілігі бар жандарға, егде жастағы тұрғындарға, әлеуметтік аз қамтылған адамдарға және көмекке, сол сияқты қамқорлық пен мейірімділікке мұқтаж адамдарға көмектеседі.

Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөледі. Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Өз тарапымыздан бұл бағытқа қолдау шараларын одан әрі кеңейтуді жалғастырамыз: оңалту орталықтарының санын ұлғайту, әлеуметтік орталықтардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, жұмыс орындарын құру және т.б. Мысалға, келесі жылы тағы бір оңалту орталығының құрылысын жоспарлап отырмыз. Бұл ерекше қажеттілігі бар жандарды оңалтумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өсті. Енді 2022 жылдан бастап 25%-ға, 2023 жылдан бастап тағы 25%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі өте маңызды. Олар қала тұрғындарына көмектесіп қана қоймай, тағдыры қиын жандардың мұңын тыңдап, барынша қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік сала қызметкерлерін қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен табыс тілеймін!» – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109