1153

Елордада театр фестивалі алаңында Мәскеу театрының гастролі өтті

Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан театр фестиваліне қонақ ретінде қатысты. Ресейден келген ұжым "Астана Балет" театрының сахнасында  «Человек Летучая Мышь против Леонида Ильича Брежнева» спектаклімен өнер көрсетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласына қонақ болғанымызға қуаныштымыз. Гастроль пандемияның қиын кезеңінде өтсе де, фестивальді ұйымдастырушылар да, көрермендер де мүмкіндік тапты. Өйткені, актерлер мен көрермендер арасындағы қарым-қатынас театрдың маңызды бөлігі болып саналады, онсыз театрдың ертеңі жоқ. Сондықтан бұл өте маңызды», – деп Малая Бронная театрының көркемдік жетекшісі Константин Богомолов өз ойымен бөлісті.

Спектакль сюжетінде КСРО кезіндегі тоқырау дәуірінде жүрген адам кеңес азаматы ретінде не істейтіні көрсетіледі. Классика жанры бойынша комикстердің кейіпкері Кеңес одағында өмір сүреді және қарапайым жазушы, азамат – Дудочкин кейпінде жасырынады. Түннің бір уағында Дудочкин қанатын кеңінен жайып, өзіне ыңғайлап жасалған «Жигули» көлігімен адамдарды құтқарады.

Саша Денисовтің жаңа қойылымы үлкен кісілердің жастық шағын еске түсірсе, бүгінгі жастарды кеңес кезеңінің өмір салтымен таныстырады.

«Астана Балет» театрының директоры Александр Севостьянов Саша Денисовтің бірегей қойылымы – XXI ғасыр адамының көзімен Брежнев дәуіріне деген ирониялық көзқарас екенін, спектакльде бізге таныс – советтік ән, кино, тұрмыстық салт өте көп екенін, ол көрермендердің көңілінен ерекше орын табатынын айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда алғаш рет театр фестивалі өтіп жатыр, ол 28 қазанда басталып 3 қарашаға дейін жалғасады. Фестиваль барысында елорданың 12 театры мен Ресейден шақырылған екі ұжым өнер көрсетеді.

Қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға кіру қатаң түрде Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109