1091

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн-қабылдау өткізіп, 10 отбасының проблемасымен танысты. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Апта сайын өтетін онлайн-қабылдауда тағы 10 отбасының проблемасын тыңдадым. Қабылдау барысында 30-дан астам сұрақ қойылды. Қазірдің өзінде келесі жылға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз: елді мекендерді дамыту, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар салу (қолжетімді тұрғын үй, мектептер, медициналық мекемелер), қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру және т.б. Қала тұрғындарынан келіп түсетін мәселелерді ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына түзетулер енгіземіз.

Осылайша, бұрын көтерілген мәселелер негізінде бірқатар шара қабылданды: тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын, оңалту орталықтарының желісін кеңейттік; инватакси санын арттырып, тұрғын үй сертификатының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық; жаңа автобус маршруттарын іске қостық және т.б.

Апта сайын азаматтарды қабылдау елорда тұрғындарын әлеуметтік көмекпен көбірек қамтуға, халықпен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында биылғы 10 айда әріптестеріммен бірге 1,7 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдадық. Қала тұрғындарының проблемаларын шешуді бақылауға аламыз», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109