1225

Елорданың этномәдени орталықтары арасында қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеуге арналған байқау өтті

Елордалық Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақ ұлттық мұрасы» атты қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу бойынша байқау өткізілді. Шараға қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Дәстүрлі байқауды елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

«Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елорданың басқа да этностарына арналған байқауы. Түрлі этнос өкілдері қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын көрсетті. Қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейін көрсетіп, театрландырылған көріністер қойды. Сол сияқты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Нүркен Әбдіғали.

Алдымен қатысушылар тұсаукесер, тоқымқағар, белкөтерер сияқты қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Екінші кезеңде түрлі аспаптарда ұлттық әндер орындалса, соңғы кезеңде Жамбыл Жабаевтың шығармалары жатқа айтылды.

Бірінші турдың жеңімпазы өзбек этномәдени орталығы болды, екінші орынды «Дала өлкесі казактарының одағы», ал үшінші орынды «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы иеленді.

Байқаудың екінші ән кезеңінде «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығына тең келер ешкім болмады, төрешілер күмісті «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігіне берді.

Жамбыл Жабаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу байқауында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы бірінші орынды, екінші орынды «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, үшінші орынды «Ақбозат» башқұрт этномәдени бірлестігі иеленді.
«Елордалық Достық үйінде 22 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бәріміз тату өмір сүреміз. Мұндай байқауда дәстүрлерді дәріптеп, жастарға насихаттаймыз. Бүгін біз екінші жүлделі орынға ие болдық», - дейді «Дала өлкесі казактары одағының» мүшесі, 73 жастағы Шәрипа Жетпісбаева.

«Мен Жамбыл Жабаевтың «Өсиет» өлеңін мәнерлеп оқыдым. Байқау қатты ұнады. Қазылар алқасы өнерімді жоғары бағалап, бірінші орын берді. Алдағы уақытта мұнан да биік шыңдарды бағындырғым келеді», - дейді 8 жасар Мансұр Матеев.
Айта кету керек, іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109