1346

Нұр-Сұлтанда өткен оқыту семинарында психологтар мен мұғалімдерге дінтануды оқытудың ерекшеліктері туралы айтылды

Елордалық Оқушылар сарайында қаланың жалпы білім беретін мектептері мен орта арнаулы оқу орындарының психологтары мен "дінтану" пәнінің оқытушыларына арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері: әдістемесі мен мазмұны" тақырыбында оқыту семинарын "Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын" жүзеге асыру аясында елордалық Дін істері басқармасы ұйымдастырды.

Оған "Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасы" ММ басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары, "Астана" медресе-колледжінің директоры Бақтыбай Бейсенбаев қатысты.

Бейнеөтініш арқылы семинарға қатысушыларға мемлекет және қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есім сөз сөйледі.

Іс-шараның мақсаты - дінтану пәнінің психологтар мен оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және олардың өзара тиімді іс-қимылын арттыру, мектеп оқушылары үшін діни экстремизм идеяларының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмыс әдістерін жетілдіру.

Қатысушылар елдегі дін саласындағы бүгінгі мәселелерді, дінтану пәнін оқытудың тиімді және жүйелі жұмысы бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстарды талқылады, дінтану пәнін зерделеу процесінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудағы оқыту заңдылықтары қаралды.

Айтылған заманауи жұмыс әдістері дінтану пәнінің оқытушыларын әдістемелік қамтамасыз етудің негізі болады, ал ұсыныстар жастармен сапалы және тиімді жұмыс жүргізудің құралы болмақ.

Семинарды өткізудің маңызды аспектісі оқытушылар құрамы мен дін саласының мамандары арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және т. б. болып табылады.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109