1951

Нұр-Сұлтан қаласында үстел теннисінің үздіктері анықталды

30-31 қазан күндері елордада үстел теннисінен «Nur-Sultan cup 2021» турнирі өтті. Жекелей разрядтарда спортшылар, әуесқойлар, ардагерлер, кадеттер және балалар арасында ұйымдастырылған жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спортшыларды марапаттау рәсіміне Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев, Ұлттық Олимпиада комитетінің кеңесшісі Бақытжан Ордабаев, Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак, Нұр-Сұлтан қаласы үстел теннисі федерациясының төрағасы Данияр Тиесов қатысып, жеңімпаздарды арнайы құттықтады.

Жарыстың бас төрешісі Қарлығаш Сапарқызы турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

«Карантин салдарынан екі жыл жарыс болмады. Спортшылар үшін бұл жарыс ұзақ уақыт үзілістен кейінгі үлкен серпіліс болды. Турнирдің тағы бір ерекшелігі әуесқойлармен қатар кәсіпқойлар да өнер көрсетті. Жаңадан қатысып жатқан балаларға бұл үлкен ынталандыру екені сөзсіз. Себебі жарысқа спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер қатысты», - деді Қарлығаш Кішкенбаева.

Турнир жеңімпаздарына медаль, дипломдармен қатар федерация атынан сыйлықтар табысталды.

Үстел теннисінен «Nur-Sultan cup 2021» турнирінің нәтижелері:

Әйелдер арасында, әуесқойлар:
1-орын Айнұр Сыздықова;
2-орын Гульсара Рахметова;
3-орын Румита Сейданова.

Ерлер арасында
1-орын Алмат Қуанышбеков;
2-орын Данияр Ахметов;
3-орын – Ахметқали Өтешев.

Әйелдер арасында, ардагерлер
1-орын Әлия Жанпейісова;
2-орын Әлия Абжанова;
3-орын Гүлмира Қайдасова.

Ерлер арасында (40-49)
1-орын Евгений Сидельников;
2-орын Азамат Көшкімбаев;
3-орын Бауыржан Ахмет.

Ерлер арасында 60 жастан жоғары
1-орын Сәлімжан Тасанбаев;
2-орын Сергей Бескоровайный;
3-орын Аскарбек Өсімбаев.

Ерлер (50-59)
1-орын Геннадий Герасименко;
2-орын Талғат Әнуарбек;
3-орын Жаслан Жаманбаев.

Қыздар арасында
1-орын Айнара Тұрарбек;
2-орын София Кезина;
3-орын Айсана Ермахан.

Қыздар арасында, кадеттер
1-орын Яна Михеева;
2-орын Алтынай Семейханова;
3-орын Эвелина Борсова.

Ұлдар арасында
1-орын Сұлтан Сереке;
2-орын Нұрмұхамед Жақсыбай;
3-орын – Тамерлан Қанатбаев.

Ұлдар арасында, кадеттер
1-орын Дінмұхаммед Қасенов;
2-орын Мұрат Құрманбаев;
3-орын Ернұр Жасқайратов.

Әйелдер арасында (кәсіпқойлар)
1-орын Малика Сандыбаева;
2-орын Алтынай Ержанқызы;
3-орын Айман Қапарова.

Ерлер арасында (кәсіпқойлар)
1-орын Александр Герасименко;
2-орын Роман Халилов;
3-орын Ахметбек Биятов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109