1529

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар Ресейден келген қуыршақ театрының қойылымын тегін тамашалады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған театрлар фестивалі аясында С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театры Нұр-Сұлтанда бірнеше қойылым қояды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгін, 2 қараша күні елорда тұрғындары мен қонақтары үшін С.Образцов атындағы қуыршақ театрының әртістері өнер көрсетті. «Тұрандот» ертегісі Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, режиссер Борис Константиновтың авторлық нұсқасында қойылды.

Спектакльде екі әлем қақтығысады – классикалық Қытай мен романтикалық Венеция. Сахнада қатыгез сұлу Тұрандот пен ханзада Калафтың махаббаты баяндалады. Сол сияқты Венецияның көпірін, суға шағылысқан айдың сәулесін, сыңғырлаған қоңырауды, су бетінде жүзген қайықтарды байқауға болады. Оның желісі кімді болсын бей-жай қалдырмайды.

«Тұрандот» спектаклі – ересектерге арналған ертегі. Бұл ақылы таяз ер адамдардың басын алған ханшайым жайлы. Бірақ ертегі желісі бойынша жағдайдың бәрін түзететін ақсақал шығады және ол оның әйеліне айналады», - деді С. Образцова атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театрының бас режиссері Борис Константинов.

Сондай-ақ, орыс театры Ганс Христиан Андерсеннің «Снеговик» ертегісін қояды. Бұл – аққала мен пештің арасындағы махаббат жайлы әңгіме.
Ресейлік қонақтар Қазақстанның қонақжайлығын ерекше атап өтіп, алдағы уақытта Нұр-Сұлтанға қайта келеміз деген үміттін білдірді.

«Нұр-Сұлтан бізді жылы қарсы алды. Өз үйімізде жүргендей сезімде қалдық. Көшеде де, сахнамызда да қар жауып тұр, аққала пайда болды. Қала өте сұлу. Тұрғындары да мейірімді. Алдағы уақытта қуана-қуана оралғымыз келеді», - деді Борис Константинов.

Айта кетейік, бүгінгі спектакльге әлеуметтік осал топтан шыққан елордалық мектеп оқушылары тегін қатысты.

Ресейден келген театр 3 қараша күні «Необыкновенный концерт» күлкілі қуыршақ ревюін қояды. Қуыршақтар әншілерді, бишілерді, музыканттарды, цирк жаттықтырушыларын, сиқыршыларды және басқа жанрдағы әртістерді пародиялайды.

Айта кету керек, бұл спектакль гастрольдер мен көрсетілімдер саны бойынша рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Оны әлемдегі ең көп көрермен тамашалады. Қойылымды Эдуард Апломбов өткізеді. Оның көрермен қауымның жүзіне күлкі үйіріп, көңілін бірден көтере алатын дарыны бар.

Естеріңізге сала кетейік, театр фестивалі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Спектакльдерден басқа бейнелеу өнерінің көрмелері, актерлік шеберлік бойынша мастер-кластар, конференциялар және т.б. ұйымдастырылды.

Қонақтар мен қатысушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіретін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109