1512

Елордада Ы.Алтынсарин мерейтойына арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де «Ыбырай рухына тағзым» атты шығармашылық және көркемсөз оқуының марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеш шымылдығын «ОКЖ» КММ директоры Гүлбадан Мәдібаева ашса, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы оркестрдің дәстүрлі әншісі Нұрболат Құсайынов көрерменге шат көңіл-күй сыйлады.

Кеш қонақтары актриса, продюсер Айнұр Жүгінісова мен жас қаламгер, «Қыз өссе елдің көркі» кітабының авторы Әсел Қайратқызы жүлделі орындармен марапаттап, болашақ жас ұрпаққа ақ жол тілеп, Ы.Алтынсарин 180 жылдығы медальдары мен кубоктарын табыстады.

Бүгінгі «Ыбырай рухына тағзым» шығармашылық және көркемсөз оқу байқауына Интерноциональный кентінің №29 орта мектебі мен №74 «Дәурен» балабақшасы, Мичурино кентінің №43 қосымша білім беру мектеп орталығы мен №60 «Арай» балабақшасы, Теміржолшылар кентінің №29 орта мектебі мен №50 «Жұлдыз» балабақшалары атсалысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109