1288

"Астана Опера" Нұр-Сұлтандағы театр фестивалінде "Жизель" балетін ұсынды

ТеатрALL театр фестивалі алаңында "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры көрермендерге репертуарындағы ең танымал "Жизель"  балетін ұсынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Француз композиторы Адольф Аданның екі актіден тұратын "Жизель" балеті алғаш рет 1841 жылы жарық көрді. "Астана Опера" театрының сахнасында оның премьерасы 2019 жылы өтті және әлі күнге дейін көрермендер арасында танымал.

"Біз ТеатрALL фестивалі аясында "Жизель" балетін ұсындық. Бұл балет классика болып табылады, ол айтарлықтай күрделі, бірақ өте қызықты. Бұл балетте мен Миртаның рөлін орындаймын. Мирта - техникалық жағынан да, эмоциялық жағынан да күрделі партия. Егер техника тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда өте жақсы дайындық пен шыдамдылықты қажет ететін үлкен секірістер көп. ТеатрALL фестиваліне мен одан әрі өркендеу, жарқын қойылымдар, қызықты спектакльдер, көрермендер мен қошемет тілеймін", - деді "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының әртісі Еркежан Жүнісова.

Еске сала кетейік, елордада "Астана Опера" МОБТ әртістерінің орындауында әйгілі "Қыз Жібек" операсы театр фестивалін ашқан болатын. Мұндай таңдау кездейсоқ болған жоқ, өйткені биыл "Қыз Жібек" қазақ фильмінің экранға шыққанына 50 жыл толады.
Фестиваль Нұр-Сұлтан қаласында 28 қазаннан 1 қарашаға дейін өтті. Оған елордалық 13 театр және Ресейден шақырылған екі ұжым қатысты.

Барлық іс-шараларға кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылды, сондай-ақ санитарлық нормалар мен карантин талаптары сақталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109