1761

Нұр-Сұлтанда мыңыншы абонент газға қосылды

Елорда әкімдігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп, 2020 жылдан бастап тұрғын үйлерді газға кезең-кезеңмен қосу бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінде 9 мың жекеменшік үйдің газға қосылу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жер үй тұрғындары газға қосуға өтінімдер жіберуде. Мәселен, Нұр-Сұлтанда мыңыншы абонент тіркелді.

Қазір Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Агроқалашық (бір бөлігі), Промышленный және Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тұрғындары қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйін газға қосуға өтінім беру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпаратты +7(7172)55-89-75, ішкі телефондары: 1530, 1527, 1534 бойынша алуға болады.

Қараша айында Оңтүстік-Шығыс және Агроқалашық елді мекендерінің қалған бөліктері газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде, оларды іске қосу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Осылайша, тағы 5 мың жеке үй көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Естеріңізге сала кетейік, газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы, ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, елорда экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109