1185

Елордалық ТЖД химиялық қауіпті нысанда оқу-жаттығу өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Казпромхолод» ЖШС химиялық қауіпті объектісінде арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес компрессорлық қондырғының ақаулығынан цехта жоғары қысымды өнеркәсіптік ыдыс жарылды. Кернеудің төмендеуі нәтижесінде аммиакты тоңазытқыш қондырғы компрессорының электр сымдары жанып, жалын лаулай жөнелді.

Шақыруға өрт сөндіру қызметі, қаланың шұғыл және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтері: ТЖД, ПД, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, ҚР ҰҰ 5573 әскери бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әскери қызметшілері келді. Қызметкерлер химиялық қорғаныс костюмдерін киіп, денсаулығына зиян келтірместен химиялық инфекция аймағында тиісті жұмыс жүргізді.

«Өртті сөндіру, аммиак буларын желдеткіш құрылғыларымен жою жұмыстары жүргізілуде. Нысанның ішінде жәбірленуші бар. Құтқарушылар химиялық қорғау костюмдерін киіп, зардап шегушіні қауіпсіз аймаққа жеткізді. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ішкі және сыртқы химиялық барлау жүргізуде», - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әнуар Ғабдуллин.

Ол «жұқтырған» деген жазуы бар тақтайша тұрған жерде қауіпті аймақтың шекарасы басталатынын түсіндірді. Лас аймақтан таза аймаққа шығатындар санитариялық өңдеуден өтеді.

«Сонымен қатар химиялық барлау жүргізіледі: аймақтағы химиялық заттардың концентрациясын анықтайды. Егер желдің бағыты өзгерсе, химиялық бұлт та жылжиды. Бұған да дайын болу керек», - деді Әнуар Ғабдуллин.

Оқу-жаттығу барысында № 68 мектеп-гимназиясы базасында зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункті ашылды. Мұндай пунктер табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою кезеңінде зардап шеккен халықты уақытша орналастыруды ұйымдастыруға арналған. Айта кетейік, елордада зардап шеккен халықты қабылдау пунктері теміржол және автовокзалдар, сондай-ақ қала мектептері базасында құрылған.

«Сіздер біздің қалалық қызметтердің үйлесімді жұмысын көріп отырсыздар. Осындай оқу-жаттығуларды өткізу қала қызметтерінің жедел өзара іс-қимылын пысықтауға, нақты авария, төтенше жағдай туындаған кезде залал мен құрбандардың алдын алуға мүмкіндік береді. Күшті әсер ететін улы заттардың зақымдау қасиеттерін білу, олардың шығарылуымен болатын апаттардың салдарын алдын ала болжау және шешім қабылдау, осындай жағдайда дұрыс әрекет ету, авариялық шығарындылардың салдарын жою — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажетті шарттардың бірі. Оқу-жаттығудан кейін қызмет басшылары жиналып, жұмыстағы кемшіліктерді және оларды қалай жою керектігін анықтайды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Есен Байыров.

Айта кету керек, статистика бойынша жыл сайын бүкіл әлем бойынша химиялық қауіпті объектілерде қоршаған ортаға ауыр әсер ететін улы заттар тарайтын 80-100 апат орын алады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ішінде химиялық қауіпті объектілердегі авариялар маңызды орындардың бірін алады. Химиялық апат адам өліміне немесе азық-түлік өнімдеріне, азық-түлік шикізатына, ауылшаруашылық жануарларына, олардың жеміне, сол сияқты қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109