1466

Елордалық спортшы джиу джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтуде. Турнирге әлемнің 62 елінен 1500 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлем біріншілігінде Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Заңғар Абзал жасөспірімдер арасында чемпион атанды. 55 кг салмақ дәрежесінде ол жекпе-жек бөлімінде төрт кездесу өткізіп, бірде-бір қарсыласынан ұтылған жоқ. Үш кездесуін мерзімінен бұрын ұтты. Финалда Заңгар бельгиялық Емень Стореббиді ұпай бойынша жеңді. Бұған дейін ол 2019 жылы Грецияда өткен әлем біріншілігінде неваза бөлімінде бірінші орын алған болатын. Осылайша, Заңгар джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Елордалық спортшының жеке жаттықтырушысы Аслан Оспанов өз шәкіртінің жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті

«Заңғар менде 9 жастан бастап жаттығады. «Егер сіз жақсы шәкірт болуға дайын болмасаңыз, жақсы жаттықтырушы іздемеңіз» деген сөз оның жаттығуға деген ынтасын толықтай сипаттай алады. Заңғар маған басқа спортшыларды жаттықтыру кезінде көмектеседі және олар үшін үлгі алуға лайық спортшы. Біздің мақсатымыз әрі қарай да Қазақстанның Туын әлемнің ең ірі ареналарында көтеру, еліміздің атын шығару, өзгелерге үлгі болу, салауатты өмір салтын және бәсекелестік рухын насихаттау», - деді ол өз сөзінде.

БАӘ-де джиу-джитсудан әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109