1385

Көктайғақ несімен қауіпті және қыстыгүні жолда өзін қалай ұстау керек: құтқарушылар кеңесі

Қыстың келуімен елордада жарақат пунктеріне жүгінушілер саны артып келеді. Олардың көбі мұздан, аяздан зардап шеккен. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров көктайғақтың қаншалықты қауіпті екенін айтып, су қоймалары мен қар басқан жолдардағы қауіпсіздіктің бірінші кезектегі ережелерін еске салды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қыста, әсіресе боран мен бұрқасын кезінде техника мен автомобильдер қар құрсауында қалып, мұз астына түсіп кететін жағдайлар жиі кездеседі. Спикердің айтуынша, бұл кейде азаматтардың қауіпсіздік ережелерін елемеуіне байланысты болады.

"Мұндай жағдайға тап болмас үшін бірнеше күн бұрын ауа райы болжамын есепке ала отырып, қаладан өз автокөлігіңізбен шығуды жоспарлап, өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, жылы киімдер, дәрі-дәрмектер алып жүру керек. Балық аулауға шыққанда міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Бұл ретте адам үшін мұздың қалыңдығы кемінде 12 см, ал техника үшін - кемінде 35-40 см болғанда мұзға шығуға болады", - деп хабарлады Есен Байыров.

Сондай-ақ, ол қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аязға дейін пайда болған күзгі мұз нәзік және жұқа, сондықтан оған шығу қауіпті екенін ескертті.

Айта кету керек, ауа райы нашарлаған жағдайда Департамент бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, "Дармен" мобильді қосымшасында дауыл туралы ескертпе SMS-тарату, тиісті хабарламаларды жариялау арқылы халықты хабардар етеді.

"Өткен қысқы кезеңде азаматтардың дауылды ескертулерді елемеуі және автожолдардағы қозғалысты шектеу салдарынан азаматтардың айналма жолдарды пайдалану фактілері орын алды, соның салдарынан олар көбінесе қар құрсауында қалып қойды. Осылайша олар өзінің және жақындарының өміріне қауіп төндірді. Құрметті азаматтар, қысқы жолдарда сақ болыңыз, дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс жолдарға шығудан бас тартуды ұсынамыз. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп қосты қалалық ТЖД өкілі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109