1382

Елордалық ТЖД құтқару қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров онлайн-брифинг барысында қысқы кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын қысқы кезең басталар алдында және қыс бойы елордалық ТЖД тұрғындар арасында азаматтардың қыста қауіпсіздік шараларын сақтауына бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

"Департамент қызметкерлері 50-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша аралау аралап шықты, онда 600-ден астам үгіт материалдары таратылды, 56 ақпараттық және ескерту белгілері орнатылды, оқу орындарының оқушыларымен 120 сабақ өткізілді. Осы және басқа да іс - шаралардың барлығы, ең алдымен, әрбір бала мен ересек адамның қысқы кезеңде туындайтын төтенше жағдайларға дайын болуына және күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы есте сақтауына бағытталған", - деп атап өтті Есен Байыров.

Оның айтуынша, қысқы кезеңдегі ТЖ туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін қалалық ТЖД Азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын: 875 адам мен 503 бірлік құтқару, медициналық және инженерлік техниканы бекіте отырып, қаланың қар басатын 16 учаскесі бар ахуалдық карта дайындалған.

"Зардап шеккендерді уақытша орналастырудың 1000 орындық 13 пункті дайын: теміржол вокзалы, автовокзал, қала мектептерінің спорт залдары. Шекара маңындағы өңірлердің жедел қызметтері арасындағы өзара іс - қимылды қамтамасыз ету мақсатында республикалық автомобиль жолдарындағы қозғалысты жабу және шектеу жөніндегі өзара іс-қимыл жоспары келісілді", - деп хабарлады спикер.

Ол сондай-ақ азаматтарды қырағы болуға және қыста жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты бақылауға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109