1626

Алтай Көлгінов "Қазақстан" спорт кешенін жаңғырту туралы түсіндіріп берді

Елордадағы "Қазақстан" спорт кешені жаңа қажеттіліктер мен талаптарды ескере отырып толығымен қалпына келтіріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды. 

"Қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған "Қазақстан" спорт кешенінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Көпфункционалды кешен 20 жыл бұрын салынды. Қазір апатты деп танылды. Қазіргі уақытта апаттық құрылымдарды бөлшектеу жүргізілуде. Спорт кешенін жаңа қажеттіліктер мен талаптарды ескере отырып толығымен қалпына келтіреміз. Қаланы аралау барысында апатты құрылымдарды бөлшектеу барысын тексердім, бөлшектеу жұмыстарынан соң құрылыс жұмыстарына кірісеміз.

Көрермен орындарының санын ұлғайтып, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар тұрғындарды ескере отырып, хоккей алаңын жаңғыртамыз. Хоккей алаңынан басқа жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін су добын, сауықтыру жүзуін, балаларды жүзуге үйрету үшін бассейндерді және т.б. жаңғыртамыз.

Сондай-ақ жаттығу залдарын, төрешілік және техникалық үй-жайларды жаңартамыз. Ішкі үй-жайларды жаңартудан басқа, өзгерістер қасбетке де әсер етеді, ол жаңартылады. Осылайша, спорт кешені спортпен айналысу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу үшін неғұрлым қауіпсіз әрі ыңғайлы болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды дамыту үшін кешенді жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Мысалы, өткен жылы біз "Толқын" спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтадық, 50 жыл бұрын салынған "Жастар" сарайына қайта жаңғырту жүргізудеміз. Сонымен қатар, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апатты деп танылды, оны сүріп, орнына жаңа жайлы спорт кешенін саламыз.

Елорданың әр ауданында аула клубтарын ашып, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырып жатырмыз. Мұның бәрі спортпен шұғылдануға және бос уақытты тиімді өткізуге болатын орын санын көбейтуге мүмкіндік береді", – деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109