5176

Елордалық СОО-ға "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, корнавирустық инфекцияның таралу қаупі артады.

Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралуда. 

Осы жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға кіру қолжетімді болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109