1163

Елордада медицина қызметкерлерінің кадрлық құрамы қалай толықтырылады?

Бүгінгі таңда елордалық денсаулық сақтау ұйымдарында 12 мыңға жуық дәрігер мен 6 мың орта қызметкер жұмыс істейді. Алайда кадрлардың жетіспеушілігі де бар. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында кадр мәселесі қалай шешілетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова кадр тапшылығы және осы мәселені шешудің негізгі міндеттері туралы айтып берді.

«Өкінішке қарай, кадр тапшылығының басым бөлігі жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар мен терапевтер, сол сияқты аздап реаниматологтарда, акушер-гинекологтарда және т.б. бар. Қазір 289 медицина қызметкері тапшы», - деп атап өтті ол.
Әлия Рүстемова жағдайды жақсарту және осы салаға мамандарды тарту үшін бейінді басқарма мен әкімдік қандай шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

Осылайша, кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдайлар жасалған, бұл үшін бюджетте мамандардың біліктілігін арттыруға, ел ішінде және шетелде қайта даярлауға қаражат көзделген. Жыл басынан бері шетелде 24 адам, ел ішінде 108 адам оқытылды.
«Мамандардың орнығуына ықпал ететін басты факторлардың бірі – тұрғын үй мәселесі. Оны шешу үшін әкімдік түрлі тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруда: жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы, Қазақстан ипотекалық бағдарламасы желісі бойынша тұрғын үй бағдарламасы және бірқатар басқа тұрғын үй бағдарламалары. Сонымен қатар, қазір қаланың үш ауданында елордалық медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар салу жұмыстары жүргізілуде», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол 293 орынға бөлінген медициналық кадрларды (резиденттерді) даярлауға арналған мемлекеттік грантқа өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 283 резидент қабылданғанын айтты. Қазіргі уақытта олардың 274-і оқиды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2023 жылға дейін дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

9 айда жалақыны көтеру мониторингінің қорытындысы бойынша дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға ұлғайды.

Әлия Рүстемованің айтуынша, әсіресе соңғы екі жылда медицина қызметкерлеріне үлкен сынақ түсіп отыр. Мамандар мұны медицина қызметкерлерінің жұмысына айтарлықтай әсер еткен пандемиямен байланыстырады.

«Кадрлардың жүктемесі емханаларда айтарлықтай көрінеді, өйткені жоспарлы жұмыспен бірге – скринингтер өткізу, негізгі алдын алу іс-шаралары, пациенттерді жоспарлы қабылдау. Кадрлар мобильді бригадалардың құрамында жұмыс істейді және КВИ бар пациенттердің үйіне барады, оларға ем тағайындайды және дәрілік препараттармен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Әлия Рүстемова.

Пандемия шарықтаған кезде – жазда амбулаториялық деңгейде КВИ бар 14 мыңнан астам қала тұрғыны ем алды. Бүгінгі күні қала бойынша бұл 205 мобильді бригада және КВИ-ға қарсы 95 егу пункті бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109