1323

Биыл елорданың 7 учаскесінде Bus Lane жолағы іске қосылды

Биыл елорданың 7 учаскесінде Bus Lane жолағы іске қосылды. Жалпы қалада қоғамдық көлікке арналған жолақтар 26 аймаққа енгізілген, деп Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты "Хабар24"-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қолданыстағы Bus Lane жолақтарының желісі 74 шақырымды құрайды. Осыған байланысты қоғамдық және жедел жәрдем көліктерінің, сондай-ақ өрт сөндіру техникасының жүру уақыты 10 минутқа қысқарды.

Елордада қоғамдық көлік жолағы 6 жыл бұрын пайда болды. Bus Lane-нің арқасында автобустардың жолда жүру уақыты қысқарып, қозғалыс қауіпсіздігі күшейді. Қоғамдық көліктердің қатынау уақыты 20 процентке дейін артқан.

"Тасымалдау қабілетін арттыру, қоғамдық көліктің ғана емес, жедел жәрдем көліктерінің, өрт сөндіру қызметтерінің, сондай-ақ ресми таксидің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалған. Биыл қаланың 7 учаскесінде автобус жолақтары енгізілді. Олар: Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан және Абылайхан даңғылдары мен көшелері", – деді қалалық «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержан Диханбаев.

«Bus Lane» жобасының арқасында қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25% - ке артты, ал жол жүру уақыты 10 минутқа қысқарды.

"Мемлекет басшысы қоғамдық көліктерге арналған жолақтар бойынша көлік жүргізушілерінің қарбалас сағаттарынан тыс және демалыс күндері қозғалу мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берген еді. Тапсырмаға орай, Абылай хан даңғылы бойынша осы бастаманы енгізу туралы шешім қабылданды.  Абылайхан даңғылы бойында Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде пилоттық жоба түрінде уақытқа шектеу қойылған автобус жолағы енгізілді. Яғни қоғамдық көліктер үшін автомобиль жолағы ең «қауырт» шақтарда: таңертең 7:30-дан 9:30-ға дейін және кешке 17:00-ден 20:00-ге дейін қолданылады", – дейді Е.Диханбаев.

Бүгінде елорда тұрғындарына 86 маршрут қызмет көрсетеді, онда 860 автобус жүреді. Күн сайын жарты миллион рейс жасайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109