1482

Елорда әкімі ЖЭО-3 құрылысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ЖЭО-3 құрылысының барысы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Қалада жылу беру маусымы шамамен 7 айға созылатындығын ескере отырып және болашақта жылу энергиясы тапшылығы туындамас үшін ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды. Қаланы аралау барысында ЖЭО-3 құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексердім.

ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі газ қазандығының құрылысына кірісеміз. Олардың қуаты ЖЭО-3 қуаттылығынан екі есе асып түседі, бұл тапшылық болжанып отырған учаскелерді және болашақ құрылыс учаскелерін жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды стратегиялық нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылыту маусымына жоспарланған.

Сонымен қатар, қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де барлық су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды. Сондай-ақ, қалада газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралардың барлығы қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетіп қана қоймай, қала экологиясына да оң әсер етеді.

Жаңа үйлер мен болашақ құрылыс аудандарын сумен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету үшін ССС-3 (сорғы-сүзгі станциясы) құрылысын, КТҚ-2 (кәріз тазарту қондырғылары) жобалауды жүргізіп жатырмыз.

Бұл мәселелер тікелей Мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109