1397

Нұр-Сұлтанда екпе алған жастар арасында 1,5 млн теңгенің ұтыс ойыны 30 қарашаға дейін ұзартылды

Елордалық "Астана Жастары"  жастар ресурстық орталығы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 5 тамыз бен 30 қараша аралығында КВИ вакцинасының екі компонентін алған студенттер арасында вакцинация туралы үздік бейне-челленджге арналған байқауды жалғастыруда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көптеген өтініштерге байланысты байқауды өткізу мерзімі осы жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылды, бұған дейін мерзімі қазан айында аяқталған.

Байқау жастар арасында COVID-19 таралуына қарсы күресу және вакцинациядан өтуге ынталандыру, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Байқау жеңімпазы 1 миллион теңге, екінші орын иегері 300 мың теңге, үшінші орын иегері 200 мың теңге алады. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін "Арена fitness", "Winox" фитнес-залдарының танымал желілерінен және "Хлебный край" компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Конкурсқа астананың орта арнаулы (колледж) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады, олар осы жылдың 5 тамызы мен 30 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтанның кез келген егу пунктінде вакцинациядан өтіп, тиісті құжат алады.

Барлық ниет білдірген қатысушылар Google Forms арқылы @astana_jastary Instagram профилінде көрсетілген сілтемеге қатысуға өтінім жіберуі қажет. Бұдан әрі Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген егу пунктінде вакцинамен иммундаудан өту, вакцинацияның пайдасы туралы креативті бейне-челленджді түсіру және оны Instagram мен Tik tok-та жастардың басым бөлігі арасында тарату қажет. Жарияланымдардың астында мына хэштегтерді көрсетуді ұмытпаңыз: #stopCovid #жастардың вакцинациясы #nsjastary #astanajastary және жеке челленджге тартылған қатысушылардың санын бақылау үшін бір нақты хэштег. Байқау соңында ең көп ізбасар жинаған бейнеролик авторлары (1,2,3 орын) ақшалай сыйлық алады.

Байқау ережесінің толық шарттарымен Instagram-дағы @astana_jastary және @ns_jastary парақшаларынан танысуға немесе +77471909693 WhatsApp нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Байқау нәтижелері 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109