1505

«Екпе алатындардың қатарында алғашқылардың бірі боламыз»: елордалық оқушының анасы вакцинаның маңыздылығын айтты

Елордада мектеп оқушыларының ата-аналарымен қауіпсіздік үшін екпенің маңызы туралы әңгімелесу белсенді түрде жүріп жатыр. Қала мектептерінде екпенің қажеттілігі туралы сауалнамалар мен жадынамалар таратылады, өйткені балалар арасында да коронавирус жұқтыратындар қатары көбейе бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғыны Бақытгүл Омарбекова – екі оқушының анасы, ол вакцинаның тиімділігіне сенім артады. Елордада оқушыларды вакцинациялау басталғанда екі баласын егуге ниетті.

«Отбасымызда биыл бәріміз ауырып қалдық, балаларым қатты ауырды. Оларда іш ауыру, ентігу, жоғары температура болды. Біз бұл жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз, ал екпе алғаннан кейін ауырар болсақ жеңіл өткізетінімізді білеміз. Жалпы, вакцинацияның жүйесі толығымен тексерілген. Өз көзімізбен көрмей тұрып, көмектеспейді деп айтуға болмайды. Вакцинацияның әсері бар, бүгінге дейін болған», – дейді екі баланың анасы.

Ол сондай-ақ балаларды вакцинациялауды кешіктірмеудің маңызы мен бірінші кезекте не нәрсеге алаңдау керек екенін айтты.

«Көптеген ата-ана балаларын туғаннан бастап вакцинациялай бастайды, оны өзіміз де білеміз. Ал енді не себепті оның тиімділігіне күмән келтіреді? Оның өзге де вакциналар секілді міндеті бірдей – аурудың асқынуын болдырмау және алдын алу. Егер проблема тек біздің қалада немесе елімізде ғана болса күмәндануға болар еді. Бірақ бүкіл әлем пандемиямен күресіп жатыр. Өзге елдердің көбі екпе алып, өздерін, балаларын қорғағысы келеді. Бұл – қауіпсіздіктің күшті құралы», – деді қала тұрғыны Бақытгүл Омарбекова.

Бақытгүлдің екі баласы 17 және 12 жаста. Қалаға вакцина жіткізілген бетте екпе алатындардың алғы шебінде болуға дайын.

«Балаларым қазіргі жағдайдың қиын екенін жақсы түсінеді, тиісінше өздері де екпе алғысы келіп отыр. Өз құрдастарына, достарына осы жағынан үлгі болуға дайын. Олар да бізбен бірге ауырды, енді қайта ауырғанды қаламайды. Біз қауіпсіз, салауатты ортада өмір сүргіміз келеді», – деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, биыл 10 айда Нұр-Сұлтан қаласында 13 мыңнан астам бала коронавирус бойынша ем алды. Балалар арасында өлім болған жоқ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109