1388

КВИ вакцинациясы жүкті әйелдер үшін қауіпсіз бе – дәрігердің жауабы

Жақында елордаға Pfizer вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыш қондырғылар жеткізілді. Екпенің бұл түрін ең алдымен балалар мен жүкті әйелдер ала алады.

Вакцинация жүкті әйелдер мен құрсақтағы сәби үшін қаншалықты қауіпсіз екені, сол сияқты COVID-19-дан қалай қорғануға болатынын №3 көпбейінді қалалық аурухананың пациенттерді қолдау және медициналық қызмет сапасын бақылау қызметінің басшысы Анар Қыстаубаева түсіндіріп берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгінгі таңда COVID-19-дан тиімді қорғанудың жолы – вакцинация, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтау, әлеуметтік қашықтық. Жүктілікті жоспарлаған әйелдерге алдын ала, 3-6 ай ішінде екпе алу керек. Өйткені жоспарлаудың өзге аспектілері, мысалы, инфекцияға қарсы тексерілу, фолий қышқылын профилактикалық қабылдау, ұрықтың ақауларының алдын алу үшін осынша уақытты кетеді», - деп түсіндірді дәрігер.

Оның айтуынша, екпе алмай тұрып бала көтеріп қойған болса вакцинаны 12 аптадан кейін алу керек. Сонымен қатар, ауырып қалуы мүмкін екенін, пациент жеңіл немесе асимптоматикалық түрде ауыруы мүмкін екенін, сол сияқты инфекция көзі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан үнемі санитарлық нормаларды және жеке гигиенаны сақтап, қорғаныс құралдарын қолданған жөн.

Акушер-гинеколог вакцинаның жүкті әйелдерге қауіпсіз екенін айтты.

«Вакцинация жүкті әйелдер үшін қауіпті емес, өйткені ол тірі вирус болып есептелмейді. Сол себепті адамның жасушалық аппаратына ене алмайды. Оның негізгі функциясы – антиденелерді дамытуға көмектесу. Қарапайым сөзбен айтқанда, антиденелер қауіптің тек бір түрін тануға үйретілген қарауылдың рөлін атқарады. Вирус ағзаға енгеннен кейін антиденелер оған қарсы шабуылдайды. Вакцинация ұрыққа ешқандай жолмен әсер ете алмайды. Қазіргі уақытта FDA-дан COVID-19-ға қарсы үш вакцина ғана EUA (Emergency Use Administration) сертификатын алды. Олардың ішінде Pfizer де бар. Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау үшін пайдаланылатын болады. Оның құрамында мРНК молекуласы бар. Адам ағзасында бұл молекулалар иммундық жүйемен танылып, оларға қарсы антиденелер шығарылады», - деп хабарлады Анар Қыстаубаева.

Дәрігер жүктілік кезінде коронавирустық инфекцияның ана мен баланың денсаулығына, әсіресе вакцина алып үлгермегендерге қаншалықты қауіпті екенін еске салды. Оның айтуынша, ағза вируспен алғаш кездесетіндіктен, ол белсенді түрде антиденелер шығара бастайды, содан кейін ауру түрлі сценарийлер бойынша өрбуі мүмкін. Ең жақсысы – ауру асимптоматикалық болған кезде. Ең жаманы, иммундық жүйе вирусқа қарсы әрекет етсе, өте қатты иммундық күш шығарады, нәтижесінде вирусқа да, өз жасушасына да шабуыл жасайды. Осыдан барып цитокиндік дауыл дамиды. 

Бұл бірнеше күн ішінде науқастың да, құрсақтағы сәбидің де өліміне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, қан кету және бүкіл ағзаның көптеген тромбоздары пайда болуы мүмкін.

«Егер науқас босанған болса, міндетті түрде вакцинациядан өтуі қажет. Босанғаннан кейінгі кезеңде тәуекелді жүкті емес пациенттермен салыстыруға болады. Америкалық акушер-гинекологтар колледжі жүкті және жақында босанған пациенттерде вакцинаның қосымша дозасын алу туралы ұсыныстар шығарды. Бұл ұсыныстар жоғары әдіснамалық сападағы зерттеулерге негізделген», - деп түсіндірді дәрігер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109