2174

Нұр-Сұлтанда 2022 жылы тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында келесі жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда соңғы жылдары әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бойынша өз рекордын жаңартып келеді. Бұл деңгей ары қарай да сақтала береді. Келесі жылы қолжетімді тұрғын үй салу үшін алдын ала дайындық басталды: учаскелерді, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру, құрылыс жұмыстары.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Мысалы, 2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Аудандар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасына сәйкес дамып жатыр. Оған сәйкес әлеуметтік нысандар жақын маңайға орналасатын болады. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер салынса, 2019 жылғы көрсеткіш – 2900, ал 2020 жылы 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткіземіз. Келесі жылы да осындай көлемде пәтер саламыз.

Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтумен қатар, тұрғын үй бағдарламаларын жетілдіру бойынша да жұмыс істеп жатырмыз: қатысушылар санатын едәуір кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық.

Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Жеңілдетілген әлеуметтік несиелендірудің бұл бағдарламасы елорданың жас мамандарына (36 жасқа дейін) арналған.

Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109