1487

Сапа және қауіпсіздік: елордада цифрлық эфирлік телевизияға көшу қалай жүзеге асырылады

Осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласы толығымен цифрлық эфирлік телевизияға көшеді. «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік органдармен және филиалдармен жұмыс департаментінің директоры Руислам Нұрдәулет оның қандай артықшылығы бар және қала тұрғындары оны қосу үшін не қажет екеніне жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

– Елорда тұрғындары цифрлық эфирлік телевизияға көшуден неліктен жүрексінбеуі керек?

– Әлем үнемі дамып отырады. Заманауи технологиялардың жылдам дамуы өмірлік маңызды салаларды жаулап келеді, олардың арасында телевидение бағыты да бар. Қазақстанда цифрлық телевизиялық хабар таратуға көшу 2018 жылы басталды. 7 облыс цифрлық хабар тарату дәуіріне қадам басты, ал халықты қамту 92,25%-ды құрады.

Цифрлық хабар тарату – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен ақпараттық ағымын қамтамасыз етудегі жаңа сапалы қадам. Цифрландыру қоғам мен қазіргі заманғы технологиялардың даму серпінін көрсететін аса маңызды техникалық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселе болып саналады.

– ЦЭТВ-ның қандай артықшылықтар бар? Оның айырмашылығы неде?

– Аналогты телехабар тарату кезінде бейне мен дыбысты көрсету үшін аналогты электр сигналы пайдаланылады және бір арна бір жиілікке бекітіледі. Аналогтық хабар тарату жалпысында теледидар пайда болғаннан бері қолданылып келеді, онда жарық, түс және дыбыс амплитудасының, жиіліктің және ағынның фазасының тез өзгеруімен көрінеді. Сигнал үздіксіз диапазонда өзгереді және сыртқы әсерлерге байланысты тез өзгереді, нәтижесінде сапасына зиян тиеді. Сигнал сапасы жоғалады, егер ол өте қашық жатқан тұстарға таратылса, экранның қатып қалуы секілді түрлі кемшіліктері болуы мүмкін. Қазір фильмдер мен телешоулардың басым бөлігі цифрлық форматта түсірілуде, ал теледидар аналогтық форматта сурет пен дыбыстың арнайы эффектілерін толық жеткізе алмайды.

Сондықтан аналогтық теледидар іс жүзінде ескірді, өйткені әлемдегі өзгерістерге күші жетпейді.

Цифрлық хабар тарату – жоғары сигнал беру жылдамдығы бар жаңа буын теледидары. Ол көптеген мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынады: телеканалдардың көптігі, сурет пен дыбыс сапасының жоғарылығы, электрондық пошта, мультимедиялық қосымшалар, радио, түймені басу арқылы көрсетілетін электронды бағдарламалар, субтитр тілін таңдау және өзге де көптеген жаңалықтар. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және телекөрермендерге, тіпті шалғай жатқан елді мекендерге дейін еш қиындықсыз хабар таратады.

– Жаңа өзгеріске қосылу үшін не істеу керек?

– Алдағы уақытта «Қазтелерадио» АҚ аналогты телевидениенің өшірілуіне байланысты облыс тұрғындарына цифрлық үлгісіне көшу порцесіне дайындық жасайды. Оған қосылу үшін теледидар DVB-T2 цифрлық тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Ары қарай тек дециметрлік антеннаны қосу ғана қалады. Ескі теледидарлар, әдетте, DVB-Т2 стандартын көтере алмайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағышты сатып алу қажет, ол шамамен 4500-5000 теңге тұрады. Осы дайындықтың бәрі «Аналогты» өшірген кезде жұрт теледидарсыз қалмауы үшін жасалуы керек.

– Елордада ЦЭТВ-ға толық көшу қашанға жоспарланып отыр?

– Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың соңына дейін аналогтық теледидарды толығымен өшіру және цифрлық телехабар таратуға 100% көшу жүзеге асырылатын болады.

– Нұр-Сұлтанда қанша және қандай телеарналар цифрлық сапада қолжетімді?

– Қазір Нұр-Сұлтан қаласында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша 26 телеарна абоненттік төлемсіз қолжетімді. Елорда тұрғындары мен қонақтары мына телеарналарды көре алады: «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Еуразия», «Астана», «QAZSPORT HD», «МИР», «КТК», «НТК», «Седьмой канал», «31 канал», «СТВ», «Almaty», «TALIM TV», «ATAMEKEN BUSINESS», «Тұран ТВ», «ТАН», «Hit TV», «Gakku Media», «MUZLIFE», «Той Думан», «Новое телевидение».

– Елордада қанша радиотелевизиялық станция бар? Олар қала тұрғындарын 100% теледидармен қамту үшін жеткілікті ме?

– Сарыарқа ауданында биіктігі 192 метр болатын 1 РТС Нұр-Сұлтан орналасқан, ол ЦЭТВ-ны 60 км радиуста толығымен қамтиды.

Алматы ауданында АӘК алатын отбасылар цифрлық эфирлік қабылдағыштармен қамтамасыз етілді.

– Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға қабылдағыштарды өтеусіз негізде беру жоспарланып отыр ма?

– «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ деректеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын отбасылардың жалпы саны 2,5 мыңнан астам отбасын құрайды, оның ішінде отбасылардың 30%-ы цифрлық эфирлік телехабар таратуға қосылған. Бұл ретте отбасылардың бір бөлігі отандық кабельдік телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне қосылған.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның жауапты бөлімшелері тарапынан осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

– Цифрлық теледидар мен ақпараттық қауіпсіздік қалай байланысты?

– 2011 жылы ҚР-да цифрлық телехабар таратуды енгізумен халық арасында шетелдік спутниктік операторлар (бұдан әрі – ШСО) қызметтерінің ену деңгейі 15%-ға төмендеді. 2011 жылдың басында ШСО қызметтерінің ену деңгейі 30%-ды құрады. ШСО қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық электрондық бұқаралық ақпарат құралдарынан (телеарналардан) ақпарат алуға мүмкіндік бермеу есебінен елдің ақпараттық қауіпсіздігін төмендетуге ықпал етеді. ШСО контенті толығымен дерлік шетелдік телеарналардан, оның ішінде «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ҚР Мемлекеттік есебіне қойылмаған телеарналардан тұрады, «Хабар 24» және «QAZAQ TV» екі телеарнасынан бөлек, шетелдік көрермендерге бағытталған телеарналар да бар.

Ақпарат ретінде, «Телерадио хабарларын тарату туралы Заңға» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №128-VI Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау және қолданысқа енгізу жолымен шетелдік спутниктік телехабар тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын таратуға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

2018 жылғы 9 қаңтардан бастап телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратудың меншікті спутниктік жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-радиосигналын жеке қабылдауға арналған қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын таратуға тыйым салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109