2033

Нұр-Сұлтанда "Есірткісіз болашақ! акциясы өтті

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов берген тапсырмаларды іске асыру аясында елорда әкімдігінің қолдауымен "Есірткісіз болашақ!" ұранымен республикалық есірткіге қарсы акция өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Акция халықтың назарын нашақорлық проблемасына аударуға, негізгі тәуекел тобының – жасөспірімдер мен жастардың проблемаларын кешенді шешу қажеттілігіне, салауатты өмір салтын жүргізудің орнықты қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ есірткіге тәуелділерге қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

Іс-шараға қаланың еріктілері қатысты, олар белсенді түрде парақшалар таратуға көмектесіп, есірткі заттарының зияны туралы түсіндірді.

Парақшаларды алған адамдар автоматты түрде бағалы сыйлықтар ойнатылатын байқаудың қатысушысы болды.

"Бүгін біз еріктілермен бірге парақшалар мен ақпараттық буклеттерді таратуға қатысамыз. Бұл буклеттер халықты есірткінің зияны туралы хабардар етеді, осы жерден ата-аналар үшін пайдалы ақпаратты табуға болады, олар парақшаны оқығаннан кейін жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділіктің алғашқы белгілері туралы түсіне алады", - деді белсенді Адия Ахметова

Іс-шара елорда әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастамасымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және әкім аппаратының мемлекеттік басқармасының қатысуымен өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109